News of Kazakhstan Science
Қазақстан ғылымының жаңалықтары
ғылыми-техникалық журнал (ISSN 1560-5655)
МРНТИ 68.37.31 №1 (2019г.) Рсалиев А.С., Пахратдинова Ж.У., Амирханова Н.Т., Ысқақова Г.Ш. Қоздырғышы Puccinia triticina Erikss болып табылатын бидай жапырақ таты әлемнің көптеген еліне экономикалық шығындар әкелетін аса қауіпті ауру. Бұл талдауда Қазақстанда бидай жапырақ татының эпидемиясы туралы ақпараттар көрсетілді. «Бидай – тат» патожүйесінің өзара әрекеттестігін зерттеуде қолданылатын дәстүрлі және заманауи әдістемелік тәсілдер сарапталды. Саңырауқұлақтың расалық құрамын анықтау әдістері, сонымен қатар P. triticina қоздырғышының расаларын зерттеу үшін ескі және жаңа жіктегіш-сорттар жиынтығы көрсетілді. Патоген расаларын жіктеуде және бидай жапырақ татының төзімділік гендеріне ие формаларды анықтауда қолданылатын молекулалық маркерлердің тиімділігі баяндалды. Қазақстанда патогеннің расалық құрамын зерттеу туралы тарихи және заманауи мәліметтер талданды. Қазақстанда заманауи жіктегіш-сорттар жиынтығын қолдана отырып ауру қоздырғышы популяциясының түрішілік құрылымын зерттеу, расалық құрамын анықтау және коммерциялық бидай сорттары үшін қауіпті жаңа расалардың пайда болу жолдарын табу бойынша зерттеулерді жалғастыру қажеттілігі көрсетілді. Түйінді сөздер: бидай; жапырақ таты; төзімділік; раса; Lr-гендер; вируленттілік.