Үлгілер

Жарияланым этикасы

«Қазақстан ғылымының жаңалықтары» ғылыми-техникалық журналының
(ISSN 1560-5655)

 1. Редакцияның этикалық нормалары

 1.1 «Қазақстан ғылымының жаңалықтары» ғылыми-техникалық журналының (бұдан әрі – Журнал) этикалық ережелерін авторлар, рецензенттер, редакция алқасының төрағасы мен мүшелері, редакциялық кеңестің төрағасы мен мүшелері, Журналдың редакциясы, сондай-ақ Журнал ұсынған ақпаратты жариялау процесінің басқа барлық қатысушылары сақтауы тиіс.

1.2 Редакциялық кеңестің төрағасы мен мүшелері, редакция алқасының төрағасы мен мүшелері, Журналдың редакциясы журналдың мақсатына сәйкес өзекті, сенімді және оқылатын ақпаратты жариялауға күш салады.

1.3  Журнал редакторлары материалдардың қолжазбаларына редакциялық өзгерістер енгізуге құқылы. Редакция ғылыми жарияланымдарды индекстеуді жүзеге асыратын қазақстандық және шетелдік ұйымдарға ғылыми мақалалардың материалдарын ішінара немесе толық беруге, сондай-ақ бұл материалдарды «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ сайтында және «Қазақстан ғылымының жаңалықтары» журналында - vestnik.nauka орналастыруға құқылы.

1.4 Журналдың әрбір нөміріне авторлық құқық журналдың құрылтайшысы – «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-на тиесілі. Редакцияның рұқсатынсыз журнал материалдарын көшіруге тыйым салынады, дәйексөздер алынғанда журналға сілтеме міндетті түрде жасалуы тиіс.

1.5 Редакция мәтіннің плагиатының, идеялардың және деректердің плагиатының алдын алу үшін бар күш-жігерін салады. Материалдары бұрын мақалалар, монографиялар, диссертациялар, диссертациялардың авторефераттары, патенттер, ғылыми есептер және т.б. түрінде жарияланған плагиат және өзін-өзі плагиаттау белгілері бар мақалалар жарияланбайды.

1.6  Редактор және редакцияның барлық қызметкерлерінің жіберілген жұмыстар туралы ақпаратты тиісті авторлардан, рецензенттерден және басқа редакциялық кеңесшілерден басқа ешкімге ашуға құқығы жоқ. Өңдеу кезінде алынған ақпарат немесе идеялар құпия болып табылады.

1.7 Журналдың редакциялық алқасы COPE (Committee on Publication Ethics) ғылыми жарияланымдарының халықаралық этикалық кодексінің этикалық принциптерін басшылыққа алады, мысалы:

- бейтараптық;

- мақалаларды қарау кезінде ғылыми этиканы сақтау, авторлар мен рецензенттер арасындағы ғылыми пікірталасты ынталандыру;

- зияткерлік меншік пен авторлық құқықтарды қорғауға жәрдемдесу;

- плагиат – басқа авторлардың бастапқы дереккөздерге сілтемесіз бұрын жарияланған материалдары анықталған кезде мақаланың қолжазбасынан бас тарту;

- құпиялылық (авторлар мен рецензенттердің жеке деректерін және кәсіби өзара әрекеттесу кезінде алынған басқа да мәліметтерді жария етпеу);

- авторлармен келісім бойынша мақалаға редакциялық өзгерістер енгізу.

 

1.8  Мақалалар "соқыр рецензиялаудан" өтеді. Редакция материалдардың сапасы төмен немесе журнал оқырмандары үшін жарамсыз деп танылса немесе авторлар журналдың этика ережелерін сақтамаса, тәуелсіз рецензиялауға дейін материалды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

1.9 Басқа басылымдарға бір уақытта жіберілген қолжазбалар қарастырылмайды. Бір авторлардың бұрын жарияланған жұмыстарымен сәйкес келетін немесе баспа немесе электронды басылымдарға жіберілген немесе жарияланған жұмыстардың бөлігі болып табылатын мақалалар да жариялауға қабылданбайды.

1.10. Редакция авторлардың жеке деректері, саяси және діни көзқарастары туралы мәліметтерге қарамастан, Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы нормаларын ескере отырып, қолжазбаларды тек ғылыми мазмұны бойынша бағалайды.

1.11 Журналдың редакциялық алқасы мақалаларды авторға арнайы хабарламай-ақ плагиатқа тексеруге жібереді және плагиатты тексерудің лицензияланған жүйелерін, соның ішінде халықаралық дерекқорларды пайдаланады.

1.12 Өз мақалаларына рецензия беру, келісім-шарттық немесе жалған рецензиялау, ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау үшін агенттік қызметтерге жүгіну, жалған авторлық, зерттеу нәтижелерін бұрмалау және ойдан шығару, жалған ғылыми ақпаратты жариялау, авторлардың материалдарын үшінші тұлғаларға беру, авторлар құрамын бұрмалау, дәйексөзді манипуляциялау, плагиат, кез келген түрдегі ойдан шығару және бұрмалау жағдайларында баспагердің, авторлардың немесе рецензенттердің әрекеттері этикаға жатпайтын мінез-құлық болып саналады.

1.13 Редакция ғылымның зерттеу процестеріне қызығушылықты ынталандыруға көмектесе отырып, қол жеткізген ғылыми жетістіктер, өнертабыстар мен әзірлемелер туралы уақтылы жариялау және оқырмандарды хабардар ету үшін кәсіби ғылыми бірлестіктермен және салалық қоғамдастықтармен өзара ынтымақтастыққа жан-жақты ықпал етеді. 

1.14 Редакциялық кеңес ғылыми мақалаларды шығаруға қатысатын авторлар, рецензенттер немесе басқа субъектілер COPE (Committee on Publication Ethics) Халықаралық этика кодексінде және Редакциялық Жарғы құжаттарында белгіленген этикаға жатпайтын мінез-құлық танытса, оның алдын алуға және этикалық бұзушылықтарды жоюға талпынады.  

1.15 Редакция жарияланым және/немесе ғылыми этика бұзылған жағдайда, COPE ұсынымдары негізінде жариялауға ұсынылған мақалаларды кері қайтарып алуға/алып тастауға құқылы. Мақала келесі жағдайларда кері қайтарылады/алып тасталады:

- заңсыз әрекеттердің дәлелдерін алу, мысалы, деректерді бұрмалау;

- бұрын басқа жерде жарияланған суреттерді, графиктерді, кестелерді және т.б. қоса алғанда, мақалада плагиатты анықтау;

- мақалада басқа ғалымдардың зерттеулеріне теріс әсер ететін қате есептеу немесе эксперименттік қате сияқты көрінетін қателердің болуы;

- үшінші тұлғалардан мақалаға немесе оның жекелеген бөліктеріне авторлық құқық талаптарын алу;

- мақалада жарияланым және/немесе ғылыми этика нормаларына қайшы келетін ақпараттың болуы.

1.16 Редакция мақаланы жариялау процесіне қатысушы барлық тараптардың мүдделері қақтығысының туындауына жол бермеуге міндетті. Мүдделер қақтығысы автордың, рецензенттің немесе редакциялық алқа мүшесінің шешімдеріне әсер етуі мүмкін қаржылық, ғылыми немесе жеке қарым-қатынастары болған кезде туындайды.

1.17 Қолжазбаны журналға қарауға берген кезде автор (лар) қолжазбаның мазмұнында әзірлеуді немесе зерттеуді қаржыландырудың барлық көздері көрсетілгенін растауы тиіс. Қарауға берілген қолжазбаға қатысты мүдделер қақтығысын тудыруы мүмкін қандай коммерциялық, қаржылық, жеке немесе кәсіби факторлар бар екендігі көрсетіледі. Егер қандай да бір мүдделер қақтығысы болса, автор (лар) ілеспе хатта олардың қолжазбасын объективті бағалай алмайтын ғалымдарды көрсете алады.

1.18 Мүдделер қақтығысының алдын алу мақсатында және журналдың қабылданған этикалық нормаларына сәйкес әрбір тарапқа келесідей міндеттер жүктеледі.

Редактор:

– егер ұсынылған қолжазбаның авторымен мүдделер қақтығысы болуы мүмкін болса, мақаланы редакциялық алқаның басқа мүшесіне немесе рецензентке қарауға беруге;

– мақала жарияланғаннан кейін түскен түзетулердің, кешірім сұраулардың және теріске шығарулардың жариялануын қамтамасыз етуге;

– авторларды мүдделер қақтығысына әкеп соғуы мүмкін деген өндірістік және қаржылық ұйымдармен қарым-қатынастарды ашуға ынталандыруға. Мақала мәтінінде барлық қаржыландыру көздерін авторлар көрсету керек.

– автордың хатында көрсетілген ғылыми және/немесе қаржылық мүдделер қақтығысына қатысты ақпаратты жариялау туралы шешім қабылдауға, егер ол құпия болып табылмаса және ғылыми қоғамдастықтың жарияланған жұмысты бағалауына әсер етуі мүмкін болса, міндетті. 

Автор:

– ілеспе хатта белгілі немесе мүдделер қақтығысының ықтимал көздерін көрсетуге;

– егер мүдделер қақтығысы болмаса, бұл туралы ілеспе хатта нақты көрсетуге міндетті. 

Рецензенция беруші:

– бас редакторға мүдделер қақтығысының (қосарлы міндеттемелер, бәсекелес мүдделер) бар екендігі туралы хабарлауға және мақаланы қараудан бас тартуға міндетті. 

 «Ghostwriting» және «Guest authorship» қақтығыстарының жағдайлары

«Ghostwriting» – біреудің жарияланым жазуға елеулі үлесі қосып, бірақ автор туралы, оның жарияланымда рөлі/тегі туралы ақпараттың болмауы.

«Guest authorship» («құрметті автор болу») – бұл автордың үлесі аз немесе ешқандай үлесі болмаса да бұл тұлғаның жарияланымда авторы/бірлескен авторы ретінде көрсетілген жағдай.

Осындай қақтығыс жағдайлары туындаған кезде және олардың алдын алу үшін редакторлар «Ghostwriting» және «Guest authorship» жағдайлардан қорғау тәртібін сақтауы тиіс: 

1) редакция авторлардан жарияланымның әрбір авторының қосқан үлесін нақтылайтын мәлімдемені талап етеді (оның жұмыс орны мен оның авторлық үлесін көрсете отырып: жарияланымдарды дайындаудағы тұжырымдаманың, мақалада қолданылатын принциптердің, әдістердің, процедуралардың авторы кім және т.б.), басты жауапкершілік қолжазбаны жіберген авторға жүктеледі (өтініш үлгісі журналдың веб-сайтында орналастырылған).

2) редакция авторлардан егер олар мақалада көрсетілген болса, бірақ бұл мәліметтерді теріске шығарса, ғылыми-зерттеу бірлестіктеріне, қауымдастықтарға және басқа да ұйымдарға қатысуы туралы мәліметтерді талап етеді.

3) редакция ғылыми этиканы бұзудың барлық анықталған жағдайлары құжатталатынын мәлімдейді.

 

  2. Автор(лар)дың жауапкершілігі

2.1 Автор жарияланған жұмысқа айтарлықтай зияткерлік үлес қосқан, жұмысты жазуға, оның тұжырымдамасын әзірлеуге, ғылыми дизайнға, материал жинауға, ұсынылған зерттеуді талдауға және түсіндіруге қатысқан зерттеуші болып саналады. Автор жұмыстың кем дегенде бір компоненті үшін жауап береді және басқа адамдардың басқа компоненттерге қосқан үлесі туралы түсінікке ие болуы керек. Барлық авторлар жариялауға келісім беруге міндетті. Барлық бірлескен авторлар бірлескен авторлықтың халықаралық этикалық критерийлеріне сәйкес келуі керек. Жұмысқа айтарлықтай үлес қосқандардың барлығы бірлескен авторлар ретінде белгіленуі керек. Зерттеуге қатысушылар зерттеу жобасында белгілі бір бағыт бойынша елеулі үлес қосқан жағдайларда ескертпеде осы зерттеуге елеулі үлес қосқан тұлғалар ретінде көрсетілуі тиіс.

2.2 Автор, зерттеуге елеулі үлес қосқан барлық қатысушылардың бірлескен автор ретінде ұсынылуына, ал зерттеуге қатыспағандардың бірлескен автор ретінде ұсынылмауына жауапты.

2.3 Автор жарияланғанға дейін мақалада елеулі қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда, автор бұл туралы журнал редакторына немесе баспагерге хабарлап, мақаланы тезірек алу және қателерді түзету мақсатында олармен өзара әрекеттесуі керек. Егер редактор немесе баспагер үшінші тараптан жарияланымдар елеулі қателер бар екендігі туралы ақпарат алса, автор жұмысты қайтарып алуға немесе қателерді мүмкіндігінше қысқа мерзімде түзетуге міндетті.

2.4 Редакция авторлардан этикалық принциптердің сақталуын күтеді, бұл:

- зерттеудің өзіндік ерекшелігі мен ғылыми жаңалығында;

- алынған нәтижелердің дұрыстығы;

- жұмыстарды орындау әдістемесінің сипаттамасы олардың нәтижелерін қажет болған жағдайда басқа зерттеушілер растай алатындай анық және бірмағыналы болуы;

- басқа адамдардың үлесін мойындау, пайдаланылған жұмыстарға библиографиялық сілтемелердің міндетті болуы;

- зерттеуге елеулі үлес қосқан қатысушылардың тең авторлары ретінде объективті ұсыну;

- жарияланымдағы елеулі қателерді немесе дәлсіздіктерді анықтау және оларды түзету мақсатында редакциямен өзара іс-қимыл туралы хабардар ету;

- мақалада бастапқы дереккөздерге (плагиатқа) сілтеме жасамай қарыз алудың болмауы.

2.4 Редакция авторлардан этикалық қағидалардың сақталуын күтеді,

2.5 Авторлар ұсынылатын материалдардағы барлық ақпараттың дұрыстығына, материалдардың заңнама, мораль және этика нормаларына сәйкестігіне жауапты болады. Кез-келген мәтін, сызбалар және т.б. плагиаты этикаға жатпайтын іс-әрекет ретінде қарастырылады және қабылданбайды.

2.6 Мақаланы бір уақытта бірнеше журналға жариялау этикаға жатпайтын ңс-әрекет ретінде қарастырылады және қабылданбайды. Өз туындыларын сөзбе-сөз жеткізу және оларды өзгертіп жеткізу мақұлданбайды, оларды тек жаңа тұжырымдардың негізі ретінде пайдалануға болады.

2.7 Егер автор қайталанатын немесе қосарлай жариялауға әрекет жасаса немесе оны тиісті ескертусіз жүзеге асырса, ол ұсынылған қолжазба қабылданбайды. Мақаланы журнал сайтынан және жарияланымдарды индекстеуге жауапты ұйымдардың сайттарынан алып тастауға рұқсат етіледі.

2.8 Авторлардың өздері таныспаған жұмыстарға сілтемелерді басқа жарияланымдардан көшіруге құқығы жоқ; дәйексөздер мен басқа жұмыстарға сілтемелер дәл болуы керек.

2.9 Авторлар өздерінің мақалаларының рецензиялауға жіберілетіндігімен келіседі (бұл ретте рецензенттің аты-жөні ашылмайды) және рецензенттің ескертулеріне сәйкес өз мақалаларын жақсарту, қысқарту немесе толықтыру бойынша редакторлармен ынтымақтасуға міндеттенеді.

2.10 Мақаланы журналға жіберіп, тіркеу нөмірін алғаннан кейін автор журналдың редакциялық саясатымен және оның редакциялық этикасымен автоматты түрде келіседі.

2.11 Авторлар арасында зерттеуге зияткерлік үлес қоспаған тұлғаларды көрсету этикаға жатпайды деп саналады және авторлық құқық пен этикалық стандарттарды бұзу болып табылады, өйткені бұл оқырмандарды адастырып қана қоймайды, сонымен қатар алаяқтық болып саналады. 

 

 3. Рецензенттің міндеттері

3.1 Журналдың редакциялық алқасы рецензенттердің жұмысының құпиялылығын, ұсынылған материалдар жарияланғанға дейін оның құпиялылығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ шағымдарға уақтылы жауап береді. 

3.2 Редакция қажет болған жағдайда жариялануға ұсынылған мақаланың ғылыми құндылығына қатысты мәлімдемелердің шынайылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін материалдарға қосымша екі рет «соқыр» рецензия жасауға кепілдік береді. Рецензияны тиісті ғылыми мамандығы және ғылыми атағы немесе дәрежесі бар мамандар жазады.

3.3 Редакция мақаланы антиплагиат жүйесінде тексергеннен кейін рецензентке жібереді.

3.4 Қолжазбаларды қарау кезінде рецензенттер туралы ақпараттың құпиялылығы қамтамасыз етіледі. Құпиялылықты бұзуға авторлар немесе рецензенттер тарапынан алаяқтық немесе бұрмалау туралы күдік болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Рецензенттер қолжазбалар жарияланғанға дейін жіберілген жұмыстарды қоғамдық талқылаудан аулақ болу керек.

3.5 Рецензенттердің алынған қолжазбаларды редакцияның рұқсатынсыз көшіруге немесе басқаларға ұсынуға құқығы жоқ. Рецензенттің пікірлері рецензенттің рұқсатынсыз жарияланбайды немесе басқаша жария етілмейді.

3.6 Рецензент мынадай этикалық қағидаттарды басшылыққа алуға міндетті:

- бағалау үшін жеткілікті білімі бар қолжазбаларға ғана рецензия жасау;

- шолуды уақтылы дайындау;

- құпиялылықты сақтау;

- рецензия жасау кезінде объективті болу;

- осы немесе басқа басылымда бұрын жарияланған материалдар болса, редакцияға ескерту;

- рецензиялау кезінде алынған ақпаратты жеке мақсаттарда немесе өзге тұлғалардың мүдделерінде пайдаланбау.

3.7 Рецензияның мазмұнына авторлардың ұлты, жынысы, діни немесе саяси сенімдері әсер етпейді.

3.8 Рецензенттер қолжазбаға адал және объективті баға беріп, мақаланың тек ғылыми мазмұнын бағалай отырып, өз ескертулерін нақты және дәлелді түрде тұжырымдауы керек. Автордың жеке басын сынауға болмайды.

 

4. Құрылтайшының құқықтары мен міндеттері

4.1. Құрылтайшы редакторлардың, рецензенттердің және авторлардың этикалық нормалар мен талаптарға сәйкес этикалық міндеттерін орындауға септесетін қағидаттар мен рәсімдерді ұстануға тиіс. 

4.2. Құрылтайшы журналдың редакторларына жарияланған материалдардың этикалық аспектілеріне қатысты шағымдарды қарауда қолдау көрсетуге және егер бұл редакторлардың міндеттерін орындауға ықпал ететін болса, басқа журналдармен және/немесе баспагерлермен өзара әрекеттесуге көмектесуге құқылы.

4.3. Құрылтайшы этикалық нұсқауларды, мақалаларды қайтарып алу және қателерді түзету процедураларын сақтау үшін мақалаларды жариялау тәжірибесін сақтауға және Журналдың мәртебесін сақтауға көмектесуі керек. Құрылтайшы кезекті жарияланымдарға нұқсан келтірмей, басылым беттерінде жарнамаларды орналастыруға құқылы.

 

27.09.2024г.

Іздеу

Мақала үлгісі
(Scopus, Web of Science)
Мақала үлгісі
(Қазақстан ғылымының жаңалықтары)
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Редакциялық саясат Жарияланым этикасы

Activity Logs

There are 2 new tasks for you in “AirPlus Mobile App” project:
Added at 4:23 PM by
img
Meeting with customer
Application Design
img
img
A
In Progress
View
Project Delivery Preparation
CRM System Development
img
B
Completed
View
Invitation for crafting engaging designs that speak human workshop
Sent at 4:23 PM by
img
Task #45890merged with #45890in “Ads Pro Admin Dashboard project:
Initiated at 4:23 PM by
img
3 new application design concepts added:
Created at 4:23 PM by
img
New case #67890is assigned to you in Multi-platform Database Design project
Added at 4:23 PM by
Alice Tan
You have received a new order:
Placed at 5:05 AM by
img

Database Backup Process Completed!

Login into Admin Dashboard to make sure the data integrity is OK
Proceed
New order #67890is placed for Workshow Planning & Budget Estimation
Placed at 4:23 PM by
Jimmy Bold
Pic
Brian Cox 2 mins
How likely are you to recommend our company to your friends and family ?
5 mins You
Pic
Hey there, we’re just writing to let you know that you’ve been subscribed to a repository on GitHub.
Pic
Brian Cox 1 Hour
Ok, Understood!
2 Hours You
Pic
You’ll receive notifications for all issues, pull requests!
Pic
Brian Cox 3 Hours
You can unwatch this repository immediately by clicking here: Keenthemes.com
4 Hours You
Pic
Most purchased Business courses during this sale!
Pic
Brian Cox 5 Hours
Company BBQ to celebrate the last quater achievements and goals. Food and drinks provided
Just now You
Pic
Pic
Brian Cox Just now
Right before vacation season we have the next Big Deal for you.

Shopping Cart

Iblender The best kitchen gadget in 2022
$ 350 for 5
SmartCleaner Smart tool for cooking
$ 650 for 4
CameraMaxr Professional camera for edge
$ 150 for 3
$D Printer Manfactoring unique objekts
$ 1450 for 7
MotionWire Perfect animation tool
$ 650 for 7
Samsung Profile info,Timeline etc
$ 720 for 6
$D Printer Manfactoring unique objekts
$ 430 for 8