Графиттегі беттік құбылыстар және одан графен алу

Юров В.М., Жанғозин К.Н., Жаңабергенов Т.Қ., Каргин Д.Б. Түйіндеме: Мақалада графит пен графен туралы соңғы теориялық жұмысымызға шолу ұсынылады. Графиттің беткі қабатының қалыңдығын анықтауға арналған модель ұсынылған, оның негізінде графит пен графеннің беріктігін есептеуге және осы материалдардың беткі қабатындағы наножарықшалардың ұзындығын анықтауға болады. Графитті бөлу және графен алу механизмінің моделі ұсынылған. Қыздыру үшін импульстік пикосекундтық лазердің…

Жалынсыз энергия көздерін алу технологиясын әзірлеу

PDF https://doi.org/10.53939/15605655/2023_3_6 Жұмахан К., Тилеуберди Е., Онгарбаев Е.К. Түйіндеме: Мақалада магний ұнтағы және натрий гидроксиді негізінде жалынсыз қыздырғыш қоспаны алудың көптеген артықшылықтары мен магний хлориді және натрий гидроксидінің арасында жүрген экзотермиялық реакция нәтижесінде жалынсыз энергия көздерін алу технологиясын қарастырылды. Мақсаты – магний ұнтағы қоспасы негізіндегі жалынсыз қыздырғыштарды алу. Біріншіден, жалынсыз қыздырғыш қоспаның тиімді мөлшері анықталды,…

Жоғары температуралы жану режимінде титан карбонитридін алу

PDF https://doi.org/10.53939/15605655/2023_2_33 Қыдырәлі С.Е., Габдрашова Ш.Е., Тулепов М.И. Түйіндеме: Мақалада титан карбонитридінің химиялық сипаттамалары, қолданылуы және осы заттың артықшылықтары қарастырылды. Оны алудың бүгінгі күні тәжірибеде қолданылып жүрген негізгі әдістері келтірілген. 1967 жылы ашылған және әртүрлі отқа төзімді қосылыстарды өндіруде қолданылатын өздігінен таралатын жоғары температуралық синтез тұжырымдамасы қарастырылады. Титан карбонитридін құрудың жоғары температуралық процесінің талдауы жүргізіледі….

Күріш қауызы және сабаннан биочар алу

PDF https://doi.org/10.53939/15605655/2023_2_25 Аппазов Н.О., Акылбеков Н.И., Нарманова Р.А., Ахатаев Н.А., Жаппарбергенов Р.У., Канжар С.А. Түйіндеме: Мақалада күріш қауызы мен сабан сияқты ауылшаруашылық өсімдіктерінің қалдықтарынан биокөмір алу бойынша зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Үрдіс ұзақтығы және температура тәрізді термолиздің оңтайлы жағдайлары таңдалды. Термолиз өнімдері йодқа қатысты адсорбциялық белсенділікпен, суға қатысты жалпы кеуек көлемімен және көлемдік тығыздықпен сипатталады. Алынған…

Техногендік шикізат негізіндегі көпфункционалды әсері бар жаңа бейорганикалық материалдар

PDF https://doi.org/10.53939/15605655/2023_2_18 Кубекова Ш.Н., Капралова В.И., Раимбекова А.С. Түйіндеме: Пайдалы қазбаларды өңдеу үлкен көлемдегі қалдықтардың түзілуімен байланысты. Оларды тұндыру және қоршаған ортаны қорғау проблемаларымен бірге жүреді. Зерттеудің мақсаты Қазақстанның кейбір кен орындарының кен байыту қалдықтарының элементтік және фазалық құрамын зерттеу және оларды көп функциялы әрекеттегі жаңа бейорганикалық материалдарда өңдеу әдістерін жасау болып табылады. Ашықтас кен…

Судағы сынап иондарын тазартуға арналған жаңа адсорбент ретінде биологиялық көздерден алынған күміс және кремний диоксиді негізіндегі композиттік материалдар

PDF https://doi.org/10.53939/15605655/2023_1_6 Азат С., Жәнтикеев У., Тауанов У.Ж., Бексеитова Қ. Түйіндеме: Бұл зерттеуде судан сулы сынап иондарын кетіру үшін шикізат ретінде күріштен алынған кремний диоксиді, күміс нанобөлшектері және триэтоксисилан қолданылатын жаңа композициялық адсорбенттің синтезі ұсынылған. Жаңа композициялық материал күріш қабығы негізіндегі кремнеземнің бетін силан топтарымен модификациялау және одан әрі күміс нанобөлшектермен безендіру арқылы синтезделді. Сипаттама Фурье…

Көміртек жанғыш қоспаларымен жалын сөндіретін газөңдеу картридждерінің жану процесін зерттеу

PDF https://doi.org/10.53939/15605655/2023_1_23 Айтенов Е., Әбдрақова Ф.Ю., Бексұлтан Ж.Б., Мышырова Ж.К., Төлепов М.И. Түйіндеме: Жұмыстың мақсаты 10-15 млилисекунд шегінде өлшенетін өте қысқа уақыт аралығында жануы тиіс жалын сөндіргіштердің газ генерациялайтын картридждерінің оңтайлы құрамдарын іздеу болып табылады. Осыған байланысты пиротехникалық компоненттердің тұтануының минуттық кідірісі кезінде тұтану температурасына зерттеулер жүргізілді. Бастапқы компоненттердің тұтану температурасы, оның ішінде нано алюминий…

Сalligonum leucocladum Bunge шикізатына фитохимиялық талдау

PDF https://doi.org/10.53939/15605655/2023_1_16 Есжанова Г.Т., Бексейтова К.С., Рахымжанова Д.Т Түйіндеме: Бұл мақалада C. leucocladum B. шикізатының морфологиялық құрылымын зерттеу нәтижелері, сапалық көрсеткіштері келтірілген – шикізаттағы ылғалдың үлесі 5,91±0,03%, күлдің массалық үлесі 7,23±0,01% құрайды. C. leucocladum B. тамырлары мен сабақтарынан этанол сығындысы алынды. Амин қышқылының құрамы жұқа қабатты хроматография әдісімен зерттелді және треонин, валин, тирозин, глутамин қышқылының ең…

Композиттік талшықтарды электроформалау кезінде полиакрилонитрилге балама ретінде көмір пегін қолдану

PDF https://doi.org/10.53939/15605655/2022_3_33 Қайдар Б.Б., Смагулова Г.Т., Имаш Ә.А., Мансуров З.А. Түйіндеме. Мақалада полиакрилонитрилден және көмір пектерінен көміртекті талшықтарды синтездеу бойынша зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Көмір пектері көмір шайырларын термиялық өңдеу арқылы алынды. ПАН/көмір пек қоспасынан көміртекті талшықтар электроспининг әдісімен алынды. Алынған көміртекті пектің қасиеттері сканерлеуші электронды микроскопия (СЭМ), Раман-спектроскопия, оптикалық микроскопия әдістерімен зерттелді, ЭДРС талдау жүргізілді….

Ауа арналары бар брикеттің жануын зерттеудің диффузиялық аймақтарын зерттеу

PDF https://doi.org/10.53939/15605655/2022_1_28 Артықбаева А.Б., Жапекова А.О., Рахимова Б.У.,. Тулепов М.И, Кудьярова Ж.Б., Амир Ж. Түйіндеме: Ауа арналары бар көмір брикеттерін өндірудің негізгі мақсаты тотықтырғыштың диффузиялық ағындарын өзгертуге және ұшқыш заттардың санын көбейтуге негізделген. Ұшқыш заттардың бөлінуі, өз кезегінде, булану кезінде ұшқыш заттардың мөлшерін айтарлықтай арттыруы мүмкін судың мөлшеріне байланысты. Байланыстырғыштары бар сапасыз көмірден көмір брикеттері алынып,…