Қолда бар орнақтардың конструкторлық шешімдерін талдау арқылы жаңа радиалды-ығыспалы орнағын жобалау

МҒТАР 53.01.77                                                                                        №3 (2019г.)

Машеков С.А., Тусупкалиева Э.А., Нурахметова К.К., Нуртазаев А. Е., Нугман Е., Сембаев Н.С., Түкибай А.А., Бекбосынова Б.А.

Баяндамада баспақтаумен біріктіріліп жасалған құрылымы жаңа радиальды-ығыстыру орнағы ұсынылған. Жұмыста техникалық әдебиеттерді талдау негізінде, сенімді және берік радиальды-ығыстыру орнағын жасаудың маңызды шарттарының бірі болып кішкентай саңлаулар мөлшерін иемденген машинаның құрылымын жасау екендігі анықталды. Мақалада орнақтың басты тізбегіндегі саңлауларды азайтуға радиальды-ығыстырып жаймалайтын орнақтың жұмысшы қапасында үш пішінбілікті, сенімді жаншу механизімін, гидравликалық қысқыштарды домалау мойынтірегінде айналдыратын қондырғысын пішінбіліктердің жеке жетектерін қолдану есебінен жетуге
болатындығы көрсетілген. Жаңа радиальды-ығыстыру орнағының серпімді деформациясы шеткі элемент әдістемесін қолдану арқылы имитациялық моделдеумен зерттеліп, алынған нәтиже баяндамада талданып көрсетілген. Пішінбіліктің бұрылуы ауыр жүк түсетін элементтердің кернеу-деформациялы күйіне қалай әсер ететіндігі анықталған. Жаңа орнақтың жеткілікті дәрежедегі қаттылық және беріктік шартын қанағаттандыратындығы жұмыста көрсетілген. Жаңа орнақтың ауыр жүктелген элементтерін модельдеу нәтижесінде,
оларды жаңғырту мәселесі шешілген.
Түйінді сөздер: радиальды-ығыстыру орнағы, пішінбілік, тұғыр, мойынтірек, серпімді деформация, шыбық, ұсақ түйіршікті құрылым, қаттылық, беріктік.

Комментарии закрыты.