Титан және хром тотықтары негізіндегі жүйелерді термодинамикалық-диаграммалық талдау арқылы титанды, хромитті шикізаттарды қайта өңдеуді технологиялық бағалау

МҒТАР 53.31.21                                                                                        №3 (2019г.)

Нургали Н.З., Алмагамбетов М.С., Байсанов А.С., Жумагалиев Е.У., Келаманов Б.С.

Жұмыста шикізат және энергетикалық ресурстарды ұтымды қолдануға мүмкіндік беретін оңтайлы технологиялық құрамын анықтау
мақсатында хромит және титан шикізаттарын қайта өңдеуден түзілген балқытудың тотықты өнімдерін термодинамикалық-диаграммалық
зерттеу нәтижелері келтірілген. Термодинамикалық-диаграммалық талдау (ТДА) күрделі математикалық аппарат елемегенде, фазалық құрылым диаграммасының көмегімен көп-компонентті жүйелердің неғұрлым технологиялық қождар құрамдарының оңтайлы аймақтарын болжауға мүмкіндік беретіні дәлелденді. Көрсетілген жұмыста тиімділіктің дұрыстығы тәжірибелік-өнеркәсіптік және өнеркәсіптік деңгейлерде жүзеге асырылған сынақтармен дәлелденеді.
Түйінді сөздер: титан тотығы, хром тотығы, термодинамика, технология, күй диаграммасы.

Комментарии закрыты.