Цилиндрлік тісті дөңгелектерді домалату құралымен өңдеу процесін зерттеу

МҒТАР 55.19.13                                                                                       №3 (2019г.)

Мардонов Б.Т., Шеров К.Т.,. Бузауова Т.М, Мусаев М.М., Таттимбек Г., Альжанова А.Г.

Тісті дөңгелектер өндірісінің жай-күйіне жүргізілген зерттеулер соңғы операцияларда тісті өңдеудің дәлдігі мен сапасын қамтамасыз ету
мәселесінің бар екенін көрсетті. Осы мәселені шешу үшін тісті дөңгелектердің тістерін өңдеудің тәсілі және оны жүзеге асыру үшін арнайы «тісқырғыш-бүрлегіш» домалату құралының конструкциясы әзірленді. Ұсынылатын тәсілдің ерекшелігі сол, оны әмбебап токарлық станоктарда жүзеге асыру болып табылады. Бұл мақалада жоңқа түзілу процесін өңдеу мен зерттеудің ұсынылған әдісін эксперименттік зерттеу нәтижелері келтіріледі. Зерттеу әдістемесі машина жасау технологиясының ғылыми жағдайына, жоңқа түзілу теориясына, металдарды кесу және тіс өңдеу теориясына сүйенеді. Сондай-ақ, зерттеудің металлографиялық әдісі, экспериментті жоспарлауы
орындалды. Эксперименталды зерттеулердің нәтижелері цилиндрлік тісті дөңгелек тістерінің бүйір беттерін соңғы өңдеу үшін ұсынылған әдісті қолдану мүмкіндігін растайды, бұл ретте кедір-бұдырлыққа қол жеткізілді Ra = 1,25 ÷ 0,32 мкм.
Түйінді сөздер: Домалату әдісі, тісті дөңгелек, тісқырғыш-бүрлегіш, жоңқа, тежелген қабат.

Комментарии закрыты.