Дискілі түрендерді жетілдіру жолымен СЗ-3,6 дәнді сепкіштің пайдалану тиімділігін арттыру

МҒТАР 55.57.33                                                                                       №3 (2019г.)

Сарсенов А.Е., Кубашева Ж.К.

Авторлармен дәнді-дақылдардың өнімділігін арттыратын факторлар келтіріледі. Себу кезіндегі тұқымдарды енгізу технологиясы
өнгіштікті, өсіп шығу және соңғы нәтижесіндегі өнімділікті анықтайды. Жұмыстың мақсаты екі дискілі түреннің конструкциясын жетілдіру жолымен дәнді-дақылдардың өнімділігін арттыру болды. Атыздың түзілуі мен тұқымдарды топырақка енгізгенде қолданыстағы екі дискілі түрендердің артықшылақтары мен жетіспеушіліктерін анықтау бойынша талдау жасалды. Айқындалған жетіспеушіліктерді жою үшін түрен конструкциясын фигуралы тұқымды қысып жабатын пластинасымен жабдықтау ұсынылады. Пластина түренмен түзілетін атыз ішінде жылжығанда тұқымдарды атыздың түбіне қысып, оларды енгізу тереңдігі бойынша түзетіп және атыз түбіне түскен топырақтың кесектерін езіп тастайды. Ұсынылатын түреннің жетілдірілген конструкциясының агротехникалық талаптарын қанағаттандыруына қарай
техникалық есепті толығырақ шешіп және далалық өнгіштікті 8% дейін, алдәнді дақылдардың өнімділігін 10 % дейін арттыруын қамтамасыз етеді.
Түйінді сөздер: атыз, екі дискілі түрен, фигурлы тұқымды қысып жабатын пластина, өнім, тұқым.

 

Комментарии закрыты.