Жоғары температуралы жану режимінде титан карбонитридін алу

№2-2023 https://doi.org/10.53939/15605655/2023_2_33 Қыдырәлі С.Е., Габдрашова Ш.Е., Тулепов М.И. Түйіндеме: Мақалада титан карбонитридінің химиялық сипаттамалары, қолданылуы және осы заттың артықшылықтары қарастырылды. Оны алудың бүгінгі күні тәжірибеде қолданылып жүрген негізгі әдістері келтірілген. 1967 жылы ашылған және әртүрлі отқа төзімді қосылыстарды өндіруде қолданылатын өздігінен таралатын жоғары температуралық синтез тұжырымдамасы қарастырылады. Титан карбонитридін құрудың жоғары температуралық процесінің талдауы жүргізіледі….

Күріш қауызы және сабаннан биочар алу

№2-2023 https://doi.org/10.53939/15605655/2023_2_25 Аппазов Н.О., Акылбеков Н.И., Нарманова Р.А., Ахатаев Н.А., Жаппарбергенов Р.У., Канжар С.А. Түйіндеме: Мақалада күріш қауызы мен сабан сияқты ауылшаруашылық өсімдіктерінің қалдықтарынан биокөмір алу бойынша зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Үрдіс ұзақтығы және температура тәрізді термолиздің оңтайлы жағдайлары таңдалды. Термолиз өнімдері йодқа қатысты адсорбциялық белсенділікпен, суға қатысты жалпы кеуек көлемімен және көлемдік тығыздықпен сипатталады. Алынған…

Техногендік шикізат негізіндегі көпфункционалды әсері бар жаңа бейорганикалық материалдар

№2-2023 https://doi.org/10.53939/15605655/2023_2_18 Кубекова Ш.Н., Капралова В.И., Раимбекова А.С. Түйіндеме: Пайдалы қазбаларды өңдеу үлкен көлемдегі қалдықтардың түзілуімен байланысты. Оларды тұндыру және қоршаған ортаны қорғау проблемаларымен бірге жүреді. Зерттеудің мақсаты Қазақстанның кейбір кен орындарының кен байыту қалдықтарының элементтік және фазалық құрамын зерттеу және оларды көп функциялы әрекеттегі жаңа бейорганикалық материалдарда өңдеу әдістерін жасау болып табылады. Ашықтас кен…

Газды фракциялау қондырғысын модельдеу

№2-2023 https://doi.org/10.53939/15605655/2023_2_13 Нұрисламов Р.М., Кензин Н.Р., Нефедов А.Н., Әбілмағжанов А.З. Түйіндеме: Газды фракциялық бөлу қазіргі мұнай өңдеу өнеркәсібіндегі маңызды процестердің бірі болып табылады. Бөлу қондырғылары қазіргі заманғы мұнай өңдеу және мұнай-химия зауытының энергияны және материалды көп қажет ететін технологиялық қондырғыларының бірі болып табылады. Бұл зерттеудің мақсаты ChemCAD және Hysys симуляциялық бағдарламаларын пайдалана отырып, газды фракциялау…

Мульткристалды кеуекті кремниймен қапталған күн батареясы

№2-2023 https://doi.org/10.53939/15605655/2023_2_6 Диханбаев К.К., Икрамова С.Б., Мырзалы Е. Б., Жайлыбаев И.Т., Төрахмет С. Түйіндеме: Бұл жұмыста біз p-n-өткелінің n-қабатына электрохимиялық анодтау арқылы тұндырылған кеуекті мультикристалды кремнийден жасалған шағылысқа қарсы жабыны бар кремний күн элементін (КЭ) қарастырамыз. Кеуекті мк-Si шағылыстыру спектрінің минимумы анодизация тоғының тығыздығының артуы кезінде қысқа толқынды аймаққа ауысады, сонымен қатар көп кристалды кремний бетінің…

Қазақстанда туристік өнімді дамыту мен жылжытуға арналған ақысыз интернет-ресурстар

https://doi.org/10.53939/15605655/2021_3_20 Искакова А.Т. Түйіндеме. Интернет пайда болғаннан бері медиа әлемі үлкен өзгерістерге ұшырады. Бұрын туроператорлар мен дәстүрлі туристік агенттіктер өте маңызды рөл атқарған болатын. Өйткені оларсыз туристік процесс жүзеге аспас еді. Біз үнемі өзгеріп отыратын дүние әлемінде өмір сүретін болғандықтан, тақырып пен қызығушылықты әп-сәтте таңдауға болады. Интернет-құралдар маркетинг және жарнама саласындағы мамандар арасында кеңінен қолданыла бастады. Туризмнің тура…

ЯМЗ-238 дизелі мысалында қозғалтқыш қуатының отын түріне тәуелділігін анықтау

МРНТИ 73.31.09, 68.85.81, 68.75.02 https://doi.org/10.53939/15605655/2020_1_52 Марков В.А., Бебенин Е.В., Биниязов А.М., Захаров   В.П. Түйіндеме. Ауыл шаруашылығы техникасын арзан баламалы отын – табиғи газға, метанға ауыстыру ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне, Қазақстан оның қорлары бойынша әлемде жетекші орынға ие. Газ тәріздес отынмен жұмыс істеу үшін дизельді ауыстырудың ауыл шаруашылығы үшін неғұрлым қарапайым және…

Жетілдірген дәнді себетін өңдеуші жұмыс органымен тұқымдарды топыраққа өңдеу технологиясы

МРНТИ 68.85.29, 55.57.33 PDF https://doi.org/10.53939/15605655/2020_1_188 Павлов И.М., Кубашева Ж.К., Сарсенов А.Е. Түйіндеме. Авторлар қатарлы себуді жүргізетін екі дискілі сіңіргіштің елеулі жетіспеушілігін атап өтіп, жаңа себу технологиясын ұсынады. Қатарлы себудің және жетілдірілген екі дискілік сіңіргіштермен жабдықталған СЗ-3,6 дәнді сепкіштің технологиялық сұлбалары және жұмыс жасау принципі келтірілген. Қатарлы себудің жаңа технологиясы тұқымның қарық түбімен жақсы байланысын және тұқымдарды бітеу…

Капиллярлы-кеуекті жүйелердегі жылу алмасуды эксперименттік зерттеу

PDF https://doi.org/10.53939/15605655/2022_2_42 Генбач А.А., Джаманқұлова Н.О. Түйіндеме: Мақалада кеуекті салқындату жүйесі зерттеліп, салқындатқыш сұйықтық капиллярлық және гравитациялық күштердің біріккен әсерімен берілетіні анықталды. Кеуекті құрылымдарда сұйықтықтың булануы арқылы жылу алмасу процестері жүретін кессонды модельдейтін капиллярлыкеуекті салқындату жүйесі ұсынылған. Қабырға температурасының жылу ағынының тығыздығына тәуелділігін және қабырғаның аса қызып кетуіне жылу ағынының әсерін (∆T,K) эксперименттік зерттеу нәтижелері берілген. Ұсынылған…

Оптикалық талшық негізінде ылғалдықты өлшейтін датчикті анықтау

PDF https://doi.org/10.53939/15605655/2022_2_35 Хабай А., Төлешов Е.А., Шадыманова А.А., Садықов С.Қ., Байтұрғанова В.Қ. Түйіндеме: Қазіргі таңда датчиктердің сезгіштік, селективтілік, сенімділігін және жауап беру уақыттарын одан әрі жетілдіру қажет. Оптикалық талшық негізіндегі ылғалдылықты өлшейтін датчик жоғары сезімталдыққа, тез жауап беруге, ықшамды көлеміне және анти-электромагниттік кедергі сияқты артықшылықтарына байланысты қызығушылығымен зерттелді. Фабри-Перо интерферометрлері (ФПИ) негізделген оптикалық талшықтың ылғалдылыққа байланысты ішкі…