Сазды ерітіндіде жұмыс істейтін фрезерлі жұмыс мүшесін беріктікке есептеу

МРНТИ 55.03.03                                                                         №1 (2021г.)

PDF

Кадыров А.С., Жунусбекова Ж.Ж., Ганюков А.А., Кызылбаева Э.Ж., Сулеев Б.Д.

Қазақстан Республикасында орындалатын көлемді құрылыс жұмыстарының басым бөлігі тереңдетілген және жер асты құрылыстарын салу-
ға байланысты. Соңғы жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, құрылыс мерзімін және осындай құрылыстарды салу құнын қысқарту мақсатында «топырақтағы қабырға» тәсілі кеңінен қолданылады. Бұл мақала саз ерітіндісінің қысымымен жұмыс істейтін жер қазатын машиналардың цилиндрлік фрезаларының беріктігін есептеу мәселелеріне арналған. Инерциялық жүктемелерді және сазды ерітіндінің қысымын ескере отырып, фрезада пайда болатын кернеудің тәуелділігі алынды. Фрезаларды дайындау сатысында беріктікке есептеу әдістемесі әзірленді. Алынған нәтижелер машиналарды жобалау кезінде қолданылады.
Түйінді сөздер: жер қазатын машиналар, цилиндрлік фрезалар, топырақтағы қабырға, жерасты құрылыстары.

 

Комментарии закрыты.