Барлық қапастарында тіреу пішінбіліктері бар жаңа бойлық-сыналы орнақтың ауыр жүктелген тораптарындағы тербеліс процестерін моельдеу және зерттеу

МРНТИ 55.03.03                                                                                           №1 (2021г.)

PDF

Машеков С.А., Акпарова С.А., Тусупкалиева Э.А., Сембаев Н.С., Секербек А.М.

Бұл мақалада құрылымы жаңа бойлық-сыналы орнақ (БСО) ұсынылған. Ақырғы элементтер көмегімен талдайтын MSC.visualNastran 4D және MSC.SuperForge бағдарламаларды қолдана отырып, жолақты бойлық илемдейтін процесті компьютерлік модельдеумен зерттедік. Барлық тұғырларында екі тіреуші пішінбіліктері бар бойлық-сыналы орнақта (БСО) илемделген дайындаманың кернеулі-деформациялы күйін (КДК) есептедік. Осы орнақтың ауыр жүктелген элементтерінің КДК және дірілдеуін анықтадық. Модельдеу нәтижесінде барлық тұғырларында екі тіреуші пішінбіліктері бар БСО илемделген жолақтардың қалыңдығы бойлық және көлденең бағыттарда өзгеретіні
таптық. Осы бойлық және көлденең бағыттардағы алақалыңдық жұмысшы пішінбіліктердің дірілдеуінің нәтижесі екендігі мақалады анықталды. Барлық тұғырларында екі тіреуші пішінбіліктері бар БСО илемделген жолақтардың бетінде толқын сияқты бет бар екендігі жұмыста көрсетілді. Барлық тұғырларында екі тіреуші пішінбіліктері бар БСО жолақтарды илемдеген кезде пайда болатын қауіпті тербелістер, сырттан әсер ететін жүктемелерден пайда болатын тербелістерінің жұмысшы диапозонына түспейтіндігі мақалады дәлелденді. Сондықтан жаңа орнақтың құрылымы дірілге берік екендігі жұмыста табылды. Толқын түрі бар ақауды жою үшін БСО соңғы қапастарына төрт тіректі пішінбілікті орнату керек екендігі жұмыста ұсынылды.
Түйінді сөздер: бойлық-сыналы орнақ, пішінбілік, қапастар, мойынтіректер, кернеу, деформация, жұқа жолақ, қалыңдық айырмашылығы, тегістік, діріл.

 

Комментарии закрыты.