Цилиндрлік тісті дөңгелектерді домалату құралымен өңдеу процесін зерттеу

МҒТАР 55.19.13                                                                                       №3 (2019г.) Мардонов Б.Т., Шеров К.Т.,. Бузауова Т.М, Мусаев М.М., Таттимбек Г., Альжанова А.Г. Тісті дөңгелектер өндірісінің жай-күйіне жүргізілген зерттеулер соңғы операцияларда тісті өңдеудің дәлдігі мен сапасын қамтамасыз ету мәселесінің бар екенін көрсетті. Осы мәселені шешу үшін тісті дөңгелектердің тістерін өңдеудің тәсілі және оны жүзеге асыру үшін арнайы «тісқырғыш-бүрлегіш» домалату құралының конструкциясы әзірленді….

Дискілі түрендерді жетілдіру жолымен СЗ-3,6 дәнді сепкіштің пайдалану тиімділігін арттыру

МҒТАР 55.57.33                                                                                       №3 (2019г.) Сарсенов А.Е., Кубашева Ж.К. Авторлармен дәнді-дақылдардың өнімділігін арттыратын факторлар келтіріледі. Себу кезіндегі тұқымдарды енгізу технологиясы өнгіштікті, өсіп шығу және соңғы нәтижесіндегі өнімділікті анықтайды. Жұмыстың мақсаты екі дискілі түреннің конструкциясын жетілдіру жолымен дәнді-дақылдардың өнімділігін арттыру болды. Атыздың түзілуі мен тұқымдарды топырақка енгізгенде қолданыстағы екі дискілі түрендердің артықшылақтары мен жетіспеушіліктерін анықтау бойынша талдау…

Сусымалы материалдар қоспасының біртектілігін бағалау

МҒТАР 67.09.05, 28.23.15                                                                      №3 (2019г.) Арсланов М.З., Зейнуллин А.А., Коробова Е.В., Мустафин С.А. Cусымалы материалдар қоспасының біртектігін бағалау әдісі ұсынылды. Әдіс сусымалы материалдар қоспасы сынамаларының фотосуреттерін компьютерлік өңдеуге және қоспа компоненттерін қарау аймағын түсі бойынша бөлуге негізделген. Оның ЭЕМ-де жүзеге асырылуы механикалық қиын ажырамды сусымалы материалдар қоспанының әртектілігін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл тәсілді құрылыс қоспаларының…

Керамдор алу үшін керамикалық композицияның құрамдарын жасау

МҒТАР 67.09.43                                                                                       №3 (2019г.) Монтаев С.А., Шингужиева А.Б., Монтаева Н.С., Досов К.Ж.   Мақалада «Қарағанды металлургия зауыты» АҚ-ның «Алселор Миттал Теміртау» АҚ (Теміртау қ.) табиғи қиыршық тастың орнына пайдалануға болатын керамикалық материалдарды өндіру үшін домен түйіршіктелген қожды пайдалана отырып, Батыс Қазақстанның шаң- топырақты саздағына негізделген керамикалық композициялардың құрамын жасау бойынша мәселелер талқыланды. Ғалымдардың әртүрлі атпалы,…

Өнеркәсіптік жылу энергетикасындағы көмір өндірісінің резервтік көздері

МРНТИ 52.35.01                                                                            №2 (2019г.) Майдуков Г.Л.   Түйіндеме. Мақалада көмір өнеркәсібі технологиялық ағынының құрылымы және ресурстық әлеуетін зерттеудің нәтижелері келтірілген. Тауды өңдеу, жөндеуден қалған қалдықтардағы көмірді пайдаланудың көлемі, үйінділердегі минералды құраушылар құрамы анықталды, Донецк көмір бассейніндегі көмір өндіру қалдықтарын және өнімді ілеспелі өндіруді пайдалану мүмкіндігінің бағыттарына ұсыныстар келтірілген. Көмір кендерінің минералды-энергетикалық ресурстарын экономикалық басқару механизмін…

Мұнай тасымалдайтын құбырғылардағы тұздыпарафинды түзілімдерді бақылайтын және өлшейтін құрылғы

МРНТИ 52.47.01                                                                                           №2 (2019г.) Нурлыбаев Р.О.,  Помашев О.П.   Түйіндеме. Мақалада еліміздің мұнай-газ өндірісінің қысқаша жалпы жағдайымен және болашақ дамуымен қатар, зерттеу тақырыбына қарай құбыр тасымалының кейбір мәселелері бөлініп көрсетілген. Бұл мәселелерді кешенді шешу мақсатында мұнай құбырғыларының ішіндегі тұзды-парафиндік жатықтарын бақылау және олардың параметрлерін өлшеу үшін техникалық құрылғы  ұсынылған, сонымен қатар мұнай тасымалдайтын құбырғыларының ішкі…

Шлакты тотықсыздандырып кедейлендіру кезінде түсті металдардың, темірдің және мышьяктың өнімдер арасында бөлініп таралуы

МРНТИ 53.03.03                                                                                   №2 (2019г.) Жолдасбай Е.Е., Досмухамедов Н.К.   Түйіндеме. Жиналған және ағымдағы шлак қалдықтарының ауқымды көлемінің өсуі, бағалы металдарды алу үшін қосымша шикізат көзі ретінде оларды пайдаланудың жаңа тәсілдері мен шешімдерін іздестіруді талап етеді. Күрделі химиялық құрамымен және жоғары мыс мөлшерімен сипатталатын, автогенді балқыту және/немесе үздіксіз конвертерлеу шлактары ерекше қызығушылықты тудырады. Берілген жұмыста тәжірибелік…

Металл балқымаларын құюдың технологиялық параметрлерін болжау мақсатында гидродинамика теңдеулерін сандық интегралдау алгоритмі

МРНТИ 53.01.77                                                                                      №2 (2019г.) Кажикенова С. Ш., Мергембаева А.Ж.     Түйіндеме. Осы мақалада біз қысқа қашықтықты тәртібін ескере отырып, жоғары температуралы балқымалардың ағынының математикалық моделін ұсынамыз және статистикалық физика әдістерімен екінші тұтқырлық коэффициентін ескереміз. Зерттеудің мақсаты: кванттық потенциалды қолдану арқылы анықталған тұтқырлықтың корреляциялық функцияларын қамтитын гидродинамикалық теңдеулерді сандық шешу әдістерін енгізу, балқу ағынының жылдамдық профилін…

Кен орындарын ашық әдiспен игеруде болып тұратын гомогенді геомеханикалық апаттарды болжау және оларды болдырмаудың алдын алу (жаңа технология)

МРНТИ  52.13.23                                                                               №1 (2019г.)   Игизбаев Р.К., Игизбаев М.К., Игизбаев К.Б.   Гомогендіқ геомеханикалық апаттардың ілімі және ол апаттарды болжау мен болдырмаудың әдістері жасалды. Зерттеудің мақсаты: карьерлер беткейінің қиябеті және кемерінің аралық және соңғы тұрақты контурларын жасаудағы тазаланған жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігімен; аршу жұмыстарының көлемін азайтатын карьерлер беткейінің қиябеті және кемерінің аралық және соңғы тұрақты бұрыштарын…

Көмірсутектік синтетикалық отынның резервтік көзі ретіндегі көмір кен орындары

МРНТИ 52.35                                                                                       №1 (2019г.)   Майдуков Г.Л.     Мақала көмірсутекті отынның табиғи қорының жойылу мәселелеріне және оларды алмастыру үшін синтетикалық отынның резервтік көзі ретінде аймақтық көмір кен орындарын пайдаланудың тұжырымдамасын жасауға арналады. Мемлекеттің отын-эенергетикалық балансының техникалық әлеуеті контексіндегі көмір өндірісі қысқаша сипатталған. Жерастылық өндірудің заманауи технологиясын жүйелі түрде талдау процесінде тау жыныстарының геостатикалық қысымы әсерінен…