Кен орындарын ашық әдiспен игеруде болып тұратын гомогенді геомеханикалық апаттарды болжау және оларды болдырмаудың алдын алу (жаңа технология)

МРНТИ  52.13.23                                                                               №1 (2019г.)

 

Игизбаев Р.К., Игизбаев М.К., Игизбаев К.Б.

 

Гомогендіқ геомеханикалық апаттардың ілімі және ол апаттарды болжау мен болдырмаудың әдістері жасалды. Зерттеудің мақсаты: карьерлер беткейінің қиябеті және кемерінің аралық және соңғы тұрақты контурларын жасаудағы тазаланған жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігімен; аршу жұмыстарының көлемін азайтатын карьерлер беткейінің қиябеті және кемерінің аралық және соңғы тұрақты бұрыштарын кеңейту арқылы кен өндіретін кәсіпорындар қызметінің экологиялық-экономикалық тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету. Кен өндіру кәсіпорындарының қызметі жағдайында тез іске асырылатын тау-кен жұмыстарының төмендеу және даму осьтары бағыттарының өзгеруіне байланысты гомогендік геомеханикалық апаттардың алдын алу бойынша техникалық шаралардың, ашудың, өндіру жүйелерінің жаңа схемаларымен жаңа технологиялардың негізі қаланды. Кен өндіретін кәсіпорындарында орын алып үлгерген геомеханикалық апаттарды жою бойынша техникалық шешімдер жасалды.
Түйінді сөздер: баурай, кемер, жағдау, болжау, болдырмау, сырғу торы, геомеханикалық апат.

 

Комментарии закрыты.