Статьи журнала

Өндірістік қалдықтар негізінде алынған брикет отынының жану-энергетикалық сапасын жуықтап есептеу әдістемесі / Приблеженная методика расчета качественного энергетического горения брикетированного топлива, полученного на основе производственных отходов

PDF файл (Скачать)

ӘОЖ 665.6/7:502.171  №2, 2014г. МҒТАР  61.51.91

Т.Ж. Жұмағұлов1, т.ғ.к., Г.С. Жамкеева2  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті1 №15 мектеп лицейі2 Қызылорда қ., Казақстан

 

 Берілген жұмыста брикет отынын алу технологиясын пайдалу арқылы мұнай қалдықтарын кәдеге жарату жолдары қарастырылған. Энергия сақтау заңдылықтарын қолдану арқылы, брикет отынының құрамындағы әрбір заттың массалық үлесі арқылы жану-энергетикалық сипаттамасына сандық және сапалық бағалау жүргізілді Түйінді сөздер: Мұнай қалдығы, жану жылуы, брикет отыны

______________________________

Жұмағұлов Т.Ж.,  Жамкеева Г.С. ПРИБЛИЖЕННАЯ МЕТОДИКА РАСЧЕТА КАЧЕСТВЕННОГО ЭНЕРГЕТИЧЕСКОГО ГОРЕНИЯ БРИКЕТИРОВАННЫХ ТОПЛИВ ПОЛУЧЕННЫХ НА ОСНОВЕ ПРОИЗВОДСТВЕННЫХ ОТХОДОВ В работе рассмотрены пути утилизации нефтеотходов, в частности с получением топливных брикетов на базе разработанной технологии. С  привлечением законов сохранения энергии, массы и вещества проведена количественная оценка топливно-энергетических характеристик топливных брикетов на основе отходов нефтепромысла Ключевые слова: нефтеотходы, теплота горения, топливный брикет

_______________________________

Zhumagulov T.Zh., Zhamkeeva G.S.  AN APPROXIMATE METHOD OF CALCULATING OF THE QUALITATIVE ENERGY COMBUSTION OF BRIQUETTED   FUELS DERIVED FROM INDUSTRIAL WASTE Ways of disposing of oil waste are considered in the paper, in particular obtaining fuel briquettes on the basis of the developed technology. With the use of the laws of conservation of energy, mass and substance are carried out quantitative assessment of energy characteristic of fuel briquettes on the basis of waste of oil fields Key words: oil waste, heat of combustion, fuel briquettes.

 

Кіріспе. Өндірісте түзілген жоғары парафинді мұнай қалдықтары негізінде брикет отынын дайындаудың тиімді технологиясын жасауда, техногендік қалдықтарға арнайы зертханаларда физика-химиялық зерттеулер мен олардың нәтижелеріне математикалық және экологиялық-экономикалық талдаулар жасап, өндірістік-тәжірибеде сынақтар жүргізу арқылы экологиялық қауіпсіздік проблемаларын шешу әдістерінің бірі болып табылады. Отын – жанған кезде жылу бөлетін заттар, ал алынған жылу технологиялық процестерде қолданылады немесе басқа энергия түріне ауысады. Жанатын заттар өте көп, бірақта қажеттісі табиғатта көп таралғандары. Осы шартқа сәйкес келетіні - құрамы көміртекті заттар. Олар - көмір, жанғыш газдар, мұнай, торф, ағаш және өсімдік қалдықтары (сабан, күріш қауызы және т.б.). Көміртегі мен сутегі - отынның ең маңызды бөліктері. Көміртегі барлық отын құрамына кіреді: қоңыр көмір мен тас көмірде 65-80%,  антрациттерде 90÷95%, мазутта 84÷87% (отынның жанғыш массасына шаққанда). Сутегі мына бөлікте болады: қоңыр көмір мен тас көмірде 3,8÷5,8%, антрацитте 2% және мазутта 10,6÷11,1%. Жанғыш элементтер жану процесінде 1 кг масса үшін төменде келтірілген мөлшерде жылу бөледі:

  • көміртегі — 33,65 МДж (8031 ккал/кг),
  • күкірт — 9 МДж (2172 ккал/кг),
  • сутегі — 141,5 МДж (33 770 ккал/кг).

Зерттеу әдістемесі. Парафинді мұнай қалдықтарының негізінде жасалатын брикет отынының құрамын массалық бөлікте жоспарлау үшін мына қоспаларды қарастырайық: мұнай қалдығы (концентрациялық мүмкін өзгеру аймағы – 0%-дан 50%-ға дейін), көмір ұнтағы (концентрациялық мүмкін өзгеру аймағы – 0%-дан 90%-ға дейін), күріш қауызы (концентрациялық мүмкін өзгеру аймағы – 0%-дан 55%-ға дейін).

Мысалы, зерттеліп отырған парафинді мұнай қалдықтарының құрамы мен құрылымы күрделі көміртегі-сутекті қоспа болып келеді, бұл қалдықтарда (массалық) 80,0÷86,0% көміртегі, 7,0÷9,0% сутегі, 9,0%-ға дейін күкірт, 1,0÷9,0% оттегі және 1,5%-ға дейін азот бар, сонымен қатар аз мөлшерде шайырлар, майлар, су және  механикалық қоспалар да бар.

Кез келген көмірсутегінің жану реакциясының жалпы теңдеуі:

CmHn + (m + n/4) O2 = mCO2 + (n/2) Н2O + Q;            (1)

мұнда m, n — молекуладағы көміртегі мен сутегі атомдарының саны; Q — реакцияның жылулық эффектісі немесе жану жылуы.

Осы түрде жүретін реакцияның ерекшелігі «баяу жануы» болып табылады. Өмірде бұл жану түрі тұрғын үйді, ғимараттарды және қазандықтарды жылыту үшін қолданылады. Жану температурасы осы кезде 600-800oС жетеді.

Бірақ та бұл теңдеу балансты ғана көрсетеді, реакция жылдамдығы, не химиялық түрленулер, не жылу мөлшері жайлы мәндерді алуға болмайды. Сондықтан жану теориясына сүйене отырып, 1 кг қатты отын жану кезінде бөлінетін жылу мөлшерін табу үшін техникалық есептеу жүргізейік. Техникалық есептеуді төменгі жану жылуы арқылы және су буының түзілу жылуын (шамамен 2400 кДж/кг) есепке алмау арқылы жүргіземіз.

Бірінші жағдайда қатты отынды жағу процесін математикалық моделдеу әдісін қолданып, қарастырайық. Осы жағдайда дифференциалдық теңдеулер қатты отынның жануы кезіндегі жүретін нақты физика-химиялық процестерді ескеруі керек.

Жану динамикасы негізіне жұмыстың нәтижелерімен қатар [1],  феноменологиялық термодинамика әдістері де қолданылды [2,3]. Отынның жану процесі келесі физика-химиялық шарттардың орындалуына тікелей тәуелді:

  •  қатты отын құрамында жанатын құрама қоспалардың болуы;
  • газ-ауа ортасының болуы;
  • отын мен жану өнімдерінің арасында жылу алмасудың жүріп отыруы;
  • жанушы отын бөліктері мен газ-ауа арасында конвективті және радиациялы жылу алмасудың болуы;
  • жанудан болған өнімдердің жану ортасынан сыртқа шығарылып отыруы.

Осы шарттарға сәйкес термодинамиканың бірінші және екінші заңдарына сүйеніп, масса, энергия және қозғалыс мөлшерінің сақталу заңдарын құрастырамыз:                          (2) мұнда ρi – i-ші қоспаның элементар көлемдегі масса тасымалдану ағынының тығыздығы; νi – элементар көлемнің массалар ортасының жылдамдығы, м/c; e – i-ші қоспаның бірлік массаға шаққандағы толық энергиясы, Дж/кг; Je – энергияның толық меншіктік-массалық ағыны, Вт/м2; P – элементар көлемге түсетін қысымдар тензоры, Па; mj – j-ші қоспаның масса өзгерісінің меншікті қуаты, (кг/с)/м3. Жану процесі үштік өлшемдегі көлемде және уақытқа тәуелді жүріп отырады. Жалпы түрде бұл теңдеулер жүйесінің шешімін табу мүмкін емес, сондықтан бірлік өлшемге көшіру керек, сонда жүйе мына түрге келеді: (3) Mj –j-ші қоспаның жүйе көлеміндегі массасы; dV – моделденіп отырған элементар аумақтың көлемі; ij’ және ij’’–j-ші қоспаның  жану алдындағы және жанғаннан кейінгі энтальпиясы; Qjp –j-ші қоспаның жану жылуы. Осы (2) теңдеудегі барлық шамалар отынның 1 кг массасына қарасты алынған. Көміртегінің жану жылдамдығы Аррениус заңы бойынша температураға былай тәуелді:                               (4) мұнда Gc – көміртектің жану жылдамдығы, кмоль/(м2·с); MмолС = 12 кг/кмоль- көміртектің молекулалық массасы; Fпов. – жануға қатысушы бөлшектердің ауданы; kc –  көміртектің жану жылдамдығының тұрақтысы. Көміртектің жану жылдамдығының тұрақтысы (С+ О2 ↔ СО2) реакцияның белсенділік энергиясы Ес арқылы табылады:     (5) мұндағы {k*; T*} = {10 м/c; 2500 К} – полюстер координатасы [3]. Енді мұнай қалдықтарынан жасалынатын отынға келетін болсақ, оны біртекті және көміртегі мен сутегіден тұрады деп қарастырамыз. Құрамдық бөлшектердің формасы куб немесе сфера тәрізді деп аламыз. Сонда бірінші жағдайда отын көлемінде бос кеңістік аз болады, екінші жағдайда бос кеңістік отын көлемінде пайда болады, себебі сфералардан құралған.  Есептеуді осы екі жағдай үшін жүргіземіз де, орташа жану жылуының мәнін анықтаймыз. Барлық шарттар мен қабылданатын түзетулерді ескере отырып, қатты отынның жану процесін анықтайтын теңдеулер жүйесін аламыз: (6) Жуықтаулар арқылы, осы теңдеулерді интегралдау жүргізіп және тек қана сутегі мен көміртегін қарастыру барысында химиялық құрамы мұнай қалдықтарына сай келетін отын үшін иммитациялық математикалық моделдеу негізінде жану жылуының орташа шамасы есептелінеді:

                                  (7)

Осы теңдеуге мұнай қалдықтары үшін табылған келесі мәндерді қою арқылы: М = ΣМI = 1 кг (отын құрамындағы қоспалар массасының қосындысы), Ммоль С = 12 кг/кмоль, ЕС = 150 кДж/моль, i = -395 кДж/моль – процесс энтальпиясы, kC = 20000 – жану жылдамдығының тұрақтысы, F – меншікті жану ауданы, оның мәні кубтар мен сфераларды құрастыру арқылы алынатын отын формасына тәуелді табылып отырады. Күріш қауызының құрамында лигнин бар, осы арқылы брикет қоспасы жабысқақ қасиетке ие болады (1-сурет).

 

    1-сурет. Табиғи полимер лигниннің полимер бөлігінің фрагменті

 

Ал қазбалы көмір торша полимер болып келеді, онда ароматикалық, фенолдық және басқа да фрагменттер бар (2-сурет). Осындай құрылым мұнайдың ауыр қалдықтарына, асфальттендерге, гудрондарға да тән. Жанғыш материалдардың құрамдық аналогиясын білу мұнай қалдықтарын пайдаланудың бірегей жолын табуға полимерлік тұрғыда септігін тигізеді.

 

2-сурет. Қазба көмірдің құрылымы

Отынның жану уақытын анықтау үшін инженерлік есептеулер жүргізгенде жану кезі шартты түрде ірі төрт есептеулік кезеңдерден тұрады: 1) отынды жану аумағына енгізуден бастап ұшқыш құрамының жануы аралығына дейін, бұл уақыт ұшқыш денелердің шығуымен анықталады; 2) жана бастағаннан бастап жанудың көрінуіне дейінгі уақыт; 3) көрінетін жану тоқтағаннан кейін кокс қалдығының жана бастауы аралығының уақыты; 4) кокс қалдығының жана бастауының аяқталуына дейінгі уақыт аралығы. Жану кезіндегі химиялық реакцияның жылдамдығы жануға қатысатын заттар концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционал болады:   w = kС1С2, мұндағы С1 және С2 — жанғыш заттар концентрациялары, кмоль/м3;      k — реакция жылдамдығының тұрақтысы, ол температура мен жанғыш заттардың табиғатына тәуелді. Реакция жылдамдығының тұрақтысы Аррениус теңдеуімен анықталады:

К = К0е-Е/RT

       (8)

мұндағы К0 - экспоненциалдық көбейткіш, биометрикалды біртекті қоспалар үшін ≈1,0; Е - активация энергиясы, кДж/кмоль, көптеген жанғыш заттар үшін (80÷150)•103 кДж/кмоль; R - универсал газ тұрақтысы, Дж/(кг•К); Т - абсолюттік температура, К (°С); е - натурал логарифм негізі. Жанғыш материалдар құрамы арқылы ерекшелінеді (1-кесте).

                                                                                                                                  1-кесте

 Мұнай және басқа жанғыш заттардың құрамы

Отын және шикізат

Элементтік құрамы

С

H

N

S

O

Жеңіл мұнай

84,0÷87,0

12,5÷14,0

0,1÷0,2

0,1÷4,5

0,1÷2,0

Ауыр мұнай

83,0÷87,0

10,0÷12,0

0,3÷1,2

3,0÷8,0

0,5÷2,0

Табиғи битумдар

80,0÷86,0

9,0÷11,0

0,3÷0,8

2,5÷10,0

0,6÷3,0

Тас көмір

76,0÷94,0

4,0÷6,0

1,5÷1,8

0,5÷7,0

2,0÷17,5

Қоңыр көмір

65,0÷76,0

4,0÷6,8

0,1÷0,3

0,3÷6,3

17,0÷28,0

Биомасса (лигнин)

28,0÷53,0

5,5÷7,5

0,01÷0,3

0,0÷0,4

38,0÷44,0

 Жану жылуы 1 кг қатты отынның жануы кезінде бөлініп шығатын энергия мөлшерін білдіреді. Төменгі жану жылуы отынның ең маңызды сипаттамасына жатады және әрбір зат үшін тәжірибеден анықталады. Элементтік құрамы белгілі кезде жану жылуын Д.И. Менделеев формуласы арқылы табуға болады (кДж/кг немесе ккал/кг):

QHP = 339CP + 1256HP – 109(OP + SLP) – 25,14(9HP + WP)

 CP, HP, OP, SLP, WP — отын құрамындағы көміртегі, сутегі, оттегі, күкірт және ылғалдың қоспалық мәні  (массалық %). Отын қазып алған кезде немесе технологиялық жолмен жасалғанда өз құрамында органикалық массамен қатар күл мен ылғалды да ұстайды, оны балласт дейміз. Жылу есептеу кезінде отынды жұмыстық, құрғақ және жанғыш отын массасы деп бөледі. Сондықтан отын құрамына кіретін затты белгілегенде жоғары жағына әріппен белгілеу жасайды (р - жұмыстық, с - құрғақ немесе, г - жанғыш). Отынның жұмыстық құрамы:

C Р + H Р + O Р + N Р + S0 Р + SК Р + A Р + W Р = 100%                 (9)

Егер отыннан балласты алып тастасақ, онда отынның жанғыш массасын табамыз:

С Г  + Н Г + О Г + N Г + S0 Г + SК Г = 100%.                                      (10)

Отынның құрғақ массасы ылғалсыздандырылған отын массасын береді және құрамы:

СС + НС + О С + N C + S0 C + SК+ А C = 100%.                      (11)

Есептеу жүргізгенде бір отын түрінен екінші бір түріне келесі коэффициенттер арқылы ауысады (2-кесте) [4.5].

                                                                                                                                             2-кесте

Отын құрамын бір массадан екінші массаға ауыстыру коэффициенттері  

Отынның берілген массасы

Ізделініп отырған отын массасы

 

Жұмыстық

Құрғақ

Жанғыш

Жұмыстық

1

100

100-Wp

100

100-Wp-Ap

Құрғақ

100-Wp

100

1

100

100-Ac

Жанғыш

100-Wp-Ap

100

100-Aс

100

1

 

Нәтижелер мен талқылаулар. Мұнай қалдықтарынан жасалатын брикет құрамы АШПШ-нен, көмір ұнтағынан және күріш қалдығынан (күріш қауызынан) тұрады деп алып, келтірілген формулаларды қолданып, осы жоспарланып отырған брикет үшін жану жылуын табайық. Осы есептеулерді жүргізу үшін брикет құрамына кіретін қоспалардың концентрацияларын мүмкін болатын диапазонда өзгерте отырып, және әрқайсысының концентрациясын жекелей белгілі бір мәнінде тұрақты ұстай отырып анықтаймыз. Барлық есептеулер компьютерлік бағдарлама құру арқылы жүргізілді және алынған нәтижелер 3 ÷ 6 кестелер мен 6-суретте көрсетілген. Брикет құрамындағы жанғыш қоспалардың барлығының концентрациялары үшін бір мезетте әртүрлі мәндер қабылдау кезіндегі жану жылу мәндері 3-кестеде келтірілген [6]. Брикет құрамындағы күріш қауызының концентрациясы тұрақты (0,10% массалық бөлікте) деп алып, қа лған жанғыш қоспалардың концентрациялары бір мезетте әртүрлі мәндер қабылдау кезіндегі жану жылу мәндері 4-кестеде келтірілген.

                                                                                                                                                 3-кесте

Барлық құрамдық заттардың өзгермелі концентрациялары үшін брикеттің жану жылуы

Меншікті жану жылуы, ккал/кг

Брикет құрамы,

массалық бөлікте, %

Құрам қосын-дысы

Жану жылуы

Q, ккал

АШПШ

Көмір ұнтағы

Күріш қауызы

АШПШ

Көмір ұнтағы

Күріш қауызы

10400

6500

3180

0

0,90

0,10

1

6168

10400

6500

3180

0,05

0,80

0,15

1

6197

10400

6500

3180

0,10

0,70

0,20

1

6226

10400

6500

3180

0,15

0,60

0,25

1

6255

10400

6500

3180

0,20

0,50

0,30

1

6284

10400

6500

3180

0,25

0,40

0,35

1

6313

10400

6500

3180

0,30

0,30

0,40

1

6342

10400

6500

3180

0,35

0,20

0,45

1

6371

10400

6500

3180

0,40

0,10

0,50

1

6400

10400

6500

3180

0,45

0

0,55

1

6429

                                                                                                                                                     4-кесте

Күріш қауызы концентрациясы тұрақты, қалған құрамдық заттардың өзгермелі концентрациялары үшін брикеттің жану жылуы  

Меншікті жану жылуы, ккал/кг

Брикет құрамы,

массалық бөлікте, %

Құрам қосын-дысы

Жану жылуы Q, ккал

АШПШ

Көмір ұнтағы

Күріш қауызы

АШПШ

Көмір ұнтағы

Күріш қауызы

10400

6500

3180

0

0,90

0,10

1

6168

10400

6500

3180

0,05

0,85

0,10

1

6363

10400

6500

3180

0,10

0,80

0,10

1

6558

10400

6500

3180

0,15

0,75

0,10

1

6753

10400

6500

3180

0,20

0,70

0,10

1

6948

10400

6500

3180

0,25

0,65

0,10

1

7143

10400

6500

3180

0,30

0,60

0,10

1

7338

10400

6500

3180

0,35

0,55

0,10

1

7533

10400

6500

3180

0,40

0,50

0,10

1

7728

10400

6500

3180

0,45

0,45

0,10

1

7923

Брикет құрамындағы көмір ұнтағының концентрациясы тұрақты (0,40 % массалық бөлікте) деп алып, қалған жанғыш қоспалардың концентрациялары бір мезетте әртүрлі мәндер қабылдау кезіндегі жану жылу мәндері 5- кестеде келтірілген.

                                                                                                                                          5-кесте

 Көмір ұнтағы концентрациясы тұрақты, қалған құрамдық заттардың өзгермелі концентрациялары үшін брикеттің жану жылуы

Меншікті жану жылуы, ккал/кг

Брикет құрамы,

массалық бөлікте,%

Құрам қосын-дысы

Жану жылуы Q, ккал

АШПШ

Көмір ұнтағы

Күріш қауызы

АШПШ

Көмір ұнтағы

Күріш қауызы

10400

6500

3180

0

0,40

0,60

1

4508

10400

6500

3180

0,05

0,40

0,55

1

4869

10400

6500

3180

0,10

0,40

0,50

1

5230

10400

6500

3180

0,15

0,40

0,45

1

5591

10400

6500

3180

0,20

0,40

0,40

1

5952

10400

6500

3180

0,25

0,40

0,35

1

6313

10400

6500

3180

0,30

0,40

0,30

1

6674

10400

6500

3180

0,35

0,40

0,25

1

7035

10400

6500

3180

0,40

0,40

0,20

1

7396

10400

6500

3180

0,45

0,40

0,15

1

7757

Брикет құрамындағы жанғыш қоспалардың концентрациялары әртүрлі өзгеруі арқылы алынған жану жылуы мәндерінің орташа шамасы 6-кестеде келтірілген.

                                                                                                                                            6-кесте

                                                       Брикеттің орташа жану жылуы

Меншікті жану жылуы,

 ккал/кг

Брикет құрамының жану жылуы

Q, ккал

Орташа жану жылуы Q, ккал

АШПШ

Көмір ұнтағы

Күріш қауызы

Бәрі өзгеруде

Күріш қауызы тұрақты (10% массалық бөлікте)

Көмір ұнтағы тұрақты (40% массалық бөлікте)

10400

6500

3180

6168

6168

4508

5614

10400

6500

3180

6197

6363

4869

5809

10400

6500

3180

6226

6558

5230

6004

10400

6500

3180

6255

6753

5591

6199

10400

6500

3180

6284

6948

5952

6394

10400

6500

3180

6313

7143

6313

6589

10400

6500

3180

6342

7338

6674

6784

10400

6500

3180

6371

7533

7035

6979

10400

6500

3180

6400

7728

7396

7174

10400

6500

3180

6429

7923

7757

7369

Осы кестелердегі алынған мәндерден жасалған жану жылуының өзгеру сызықтары 6-суретте көрсетілген. 3-cурет. Жану жылуының брикет құрамының концентрациялық өзгерулеріне байланысты алатын мәндері және орташа мәндері

3-cуретте көрініп тұрғандай, жану жылуының барлық қарастырылған жағдайлары үшін табылған орташа мәндері 5614 ккал-дан 7369 ккал-ға дейінгі аралықта өзгереді. Сондықтан, жану жылуының нақты шамасы осы құрамдардың өзара сәйкестенуі олардың желімдесуі мен технологиялық тұрғыда брикет отынын алу шарттарына тікелей тәуелді болады.

Қорытынды Сонымен, қарастырылған екі теориялық есептеулер бойынша мұнай қалдықтарынан жасалатын брикет отыны үшін жану жылуының ең аз мәні   Qмин = 4500 ккал болатынын, ал ең үлкен мүмкін мәні Qмах = 7923 ккал болатыны анықталды. Қазіргі таңда экологиялық мәселерді оңтайлы шешу мақсатында брикет отынының жаңа түрін жасау мақсатында жақсы нәтиже алу үшін отын құрамындағы әрбір жаңа қоспалар бойынша зерттеулер жүргізілуде.

 Әдебиеттер

1       Основы практической теории горения: учеб. пособие для вузов / под ред. В.В. Померанцева. – 2-е изд., перераб. и доп. – Л.: Энергоатомиздат., 1986. – 312 с. 2       Бабий, В.И. Горение угольной пыли и расчёт пылеугольного факела / В. И. Бабий, Ю. Ф. Куваев. – М.: Энергоатомиздат, 1986. – 208 с. 3       Семёнов, Н.Н. О некоторых проблемах химической кинетики и реакционной способности / М.: Изд-во АН СССР, 1958. – 686 с. 4       Жұмағұлов Т.Ж.  Мұнай қалдықтарын пайдалану технологиясы және оның экологиялық тиімділігін зерттеу (Құмкөл кен орны негізінде): автореф…. техн. ғыл.канд.: 25.00.36. – Алматы:  Д.А. Қонаев атындағы Кен істері институты, 2010. – 24 б. 5       Ручкинова О.И., Анциферова И.В., Максимова С.В., Петров В.Ю. Экологический менеджмент:  учеб. пособие. - Пермь: ГТУ, 2000. – 34 с. 6       Қалдыгөзов Е.,  Қалдыгөзова С. Отын мен мұнай өнімдері терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. - Алматы: «Білім», 2001.- 153 б.

Создатель : Лариса Николаевна Гребцова
Создан : 22 августа 2024

Быстрый поиск

Министерство науки и высшего образование Республики Казахстан Шаблон статьи
(Новости наука Казахстана)
Шаблон статьи
(Scopus, Web of Science)
Публикационная этика

Activity Logs

There are 2 new tasks for you in “AirPlus Mobile App” project:
Added at 4:23 PM by
img
Meeting with customer
Application Design
img
img
A
In Progress
View
Project Delivery Preparation
CRM System Development
img
B
Completed
View
Invitation for crafting engaging designs that speak human workshop
Sent at 4:23 PM by
img
Task #45890merged with #45890in “Ads Pro Admin Dashboard project:
Initiated at 4:23 PM by
img
3 new application design concepts added:
Created at 4:23 PM by
img
New case #67890is assigned to you in Multi-platform Database Design project
Added at 4:23 PM by
Alice Tan
You have received a new order:
Placed at 5:05 AM by
img

Database Backup Process Completed!

Login into Admin Dashboard to make sure the data integrity is OK
Proceed
New order #67890is placed for Workshow Planning & Budget Estimation
Placed at 4:23 PM by
Jimmy Bold
Pic
Brian Cox 2 mins
How likely are you to recommend our company to your friends and family ?
5 mins You
Pic
Hey there, we’re just writing to let you know that you’ve been subscribed to a repository on GitHub.
Pic
Brian Cox 1 Hour
Ok, Understood!
2 Hours You
Pic
You’ll receive notifications for all issues, pull requests!
Pic
Brian Cox 3 Hours
You can unwatch this repository immediately by clicking here: Keenthemes.com
4 Hours You
Pic
Most purchased Business courses during this sale!
Pic
Brian Cox 5 Hours
Company BBQ to celebrate the last quater achievements and goals. Food and drinks provided
Just now You
Pic
Pic
Brian Cox Just now
Right before vacation season we have the next Big Deal for you.

Shopping Cart

Iblender The best kitchen gadget in 2022
$ 350 for 5
SmartCleaner Smart tool for cooking
$ 650 for 4
CameraMaxr Professional camera for edge
$ 150 for 3
$D Printer Manfactoring unique objekts
$ 1450 for 7
MotionWire Perfect animation tool
$ 650 for 7
Samsung Profile info,Timeline etc
$ 720 for 6
$D Printer Manfactoring unique objekts
$ 430 for 8