News of Kazakhstan Science
Новости науки Казахстана
научно – технический журнал (ISSN 1560-5655)
ӘОЖ 639.3 | Выпуск 2, 2013 год | МҒТАР 69.25.13 |
Қ. Ш . Нұрғазы а.ш.ғ. С.Қ. Қойшыбаева, Ж. Е. Сағидолдина
Анималогия проблемаларын ғылыми-зерттеу институты
Қолдан өсірудің тиімді объектісінің бірі сүйрік балығын өсіру болып табылады. Бұл таңдаудағы негізгі себеп - сүйрік балығының балық шаруашылық көрсеткіштері жоғары және өсіруге қолайлы. Сүйрік балықтың қоңдылығы мен тауарлық қасиеттері, салмағы үш жасында толық қалыптасады. Кілт сөздер: Сүйрік, бекіре, популяция, инкубация.
One of the most perspective objects of artificial growing is the Sterlet. Conditionality of the choice is connected with good hatcheries feature of the Starlet, since the Sterlet reaches the commodity weight at three-year age. Key words: sterlet, sturgeon, population, incubation
Қазақстан Республикасындағы ең манызды балық шаруашылығы бар суқойма ол Каспий теңізі, оған бекіренің дүние жүзіндегі 90 % үлесі тиеді. Бекіренің ең көп аулануы өткен ғасырдың басында байқалған. Осыдан бастап, әр түрлі жағдайларға байланысты олардың популяциясының азайып, көбеюі нашарлап кетті. Себебі экологиялык факторлардың, ауа райының қолайсыздығы, Каспийге тұщы сулардың құйылуының азаюы, 30-40 жылдары су деңгейінің төмендеуі. Балық аулағанда, жас және жыныстық жетілмеген бекірелерді аулау, 50-ші жылдары гидростанциялык плотиналарға суды теңізге құйылатын өзендерден көп мөлшерде пайдалану. Осыған орай, қазіргі таңда сүйрік балықты қолдан өсіру өзекті болып отыр. Бұл нышанның таңдаулысы жақсы тауарлық сипаттамасымен байланысты [1].
Дүние жүзінде ең өзекті мәселе бекіре шаруашылығының аналық үйірлерін қалыптастыру. Сол себептен, қазіргі уақытта Қазақстан жағдайында аналық үйірлерді өсіретін шаруашылық жоқ болғандықтан, уылдырықтарды шет мемлекеттен алып келеді. Аналығының пісіп жетілгендігін бонитировка кезінде қазаннан сәуірге дейін сипап сезу арқылы анықтайды. Өндірушілер үшін оптимальды t0-ра 13-160, температураның кеңірек диапазоны -11-180. Өндірушілерді бір рет бекіре балығының ацетондалған гипофизімен: аналықтарға 3 - мг/кг, аталықтарға 2 мг/кг дене салмағына егеді. Суспензияның құрамында 1мл физиологиялық ерітіндіде 10 мг құрғақ зат болады. Аналықтың пісіп жетілу уақыты судың температурасы жоғары болған сайын қысқа болады. Аналық пен аталықтарды инъекциялау судың орташа температурасы 13,5-150-та 2100-2200 сағатта, уылдырықты бір күннен кейін жұмыс уақытында жинау үшін жүргізеді.
Уылдырықтың овуляцияланған жағдайға өткендігін балықтардың құрсағын басу арқылы немесе бассейіннің түбіне түскен уылдырық арқылы және жыныстық саңылаудың қызаруы арқылы біледі. Уылдырықтың бірінші порциясын қолмен сауу арқылы алады. Сосын құрсақ қабырғасын кеседі, сол кезде уылдырықтың жартысы өзінен-өзі ағады, ал қалғандарын қолмен алады. Отаны әлсіз басу арқылы 15-20 минут жүргізеді. Қалған жұмысты – тігіс салу мен уылдырықты ұрықтандыруды – бір уақытта басқа жұмысшылар жүргізеді. Тіккен жер ең жақсы жағдайда 15 күнде, әйтпесе 1-2 айда жазылады. Оталанған аналықтардың тірі қалуы 85%. Оталанған аналықтарды тегіс қабырғалы пластикалық бассейндерде ұстайды. Бассейндерді мұқият тазартып отырады. Уылдырықты ұрықтандыру үшін шәуетті бірнеше аталықтан алады. Балықтың анус аймағын және оған жақын қанаттарды дұрыстап сүртеді, шәуетті стақанға немесе шөмішке сауып салқын қараңғы жерде сақтайды.
10 мл шәуетті 200 есе сумен араластырып, бірден 1 кг уылдырықпен шашады. Ұрықтандыруды жақсарту үшін - оны 3 минутқа созады, уылдырықты қауырсынмен немесе қолмен араластырып оны сумен шаяды немесе суспензиямен жабыстырады. 110 л суға 150-200 г- тальк немес бор, 15-20 г –ас тұзын, 0,5 л –өзен сазын, 200-250 г –құрғақ сүт, – сүт қосады. Алынған уылдырықты суспензиямен жабыстыруды елегенде қолмен араластыра отырып немесе АОИ аппаратында 50-60 минут бойы жүзеге асырады. Уылдырықты инкубациялау үшін “Осетр” аппаратын қолданған жөн. Жаңа модификация эмбриондарға кері әсер ететін төмен немесе жоғары жиіліктегі қатты дыбысты болдыртпайды
Қолдан өсірудің тиімді объектісінің бірі сүйрік балығын өсіру болып табылады. Осыған байланысты ендігі жерде өндірілген өнімдер мен шикізаттардың сапасы және өзіндік құны халықаралық талаптарға сәйкес болуы, сонымен қатар осы сапаның Дүниежүзілік сауда ұйымы алдындағы тиімділігі қамтамасыз етілуі керек. Бүгінгі таңда Қазақстан балық шаруашылығының алдында өндірілуі жағынан арзан және сапасы бойынша бәсекелесе алатындай өнімдер мен шикізаттар дайындау тапсырмасы тұр [2].
Сүйрік - (Acipenser ruthenus, Linne) бекіре тұқымдастарының ішіндегі бірден-бір тұщы су балығы. Сүйрік туралы айтқанда, бұл балықтың Қазақстандағы мекен ету аймағы өте кең бекіре тұқымдас балықтар екендігін айта кеткен жөн. Бұл балық Орал, Тобыл және Ертіс өзендерінде кездеседі. Сүйрік балығының Ертістік түрі ерекше балық түріне жатқызылады. Оны Каспий, Азов, Қара, Ақ, Баренц және Карск теңіздерінен, сондай-ақ Батыс Сібір өзендерінен аулайды. Орташа салмағы 250—800 г, ұзындығы- 80 см. Қазақстан су қоймаларында сүйрік балығы сирек кездесетін түр болып табылады, бірақ Қызыл кітапқа әлі енгізілген жоқ. Бассейндік технологиялар бойынша бекіре балықтарын өсіруді зерттеу Қапшағай уылдырық шашу – шабақ өсіру шаруашылығында жүргізіледі.
Қолдан өсірудің тиімді объектісінің бірі сүйрік балығын өсіру болып табылады. Бұл таңдаудағы негізгі себеп, сүйрік балығының балық шаруашылық көрсеткіштері жоғары және өсіруге қолайлы. Сүйрік балықтың қондылығы мен тауарлық қасиеттері, салмағы өзара үш жасында толық қалыптасады. Сүйрік балықтарының жыныстық жетілуі басқа бекіре тұқымдас балықтарға қарағанда тез жетіледі.
Бекіре балықтарын эксперимент жүзінде өсіру үшін Қапшағай уылдырық шашу – шабақ өсіру шаруашылығына алғаш рет 2012 жылы сүйрік балығының дернәсілдерін әкелді. Әкелінген сүйрік балықтың дернәсілдері тікбұрышты бассейндерге отырғызылды, отырғызу тығыздығы - 2000 дана/м2 . Тығыздығы - 11-130 мың уылдырық. Сүйрік балығының негізгі қорегі жәндіктердің дернәсілдері болып табылады. Дернәсілдер мен шабақтарды өсіру үшін кез келген көлемі әртүрлі бассейндерді қолдануға болады (металл, бетон, пластик), тиімдісі швед үлгісіндегі шеңбер тәрізді пластикалық бассейн (ИЦА- 1, ИЦА- 2). Жас шабақтарды өсіру. Судың шығымы бассейндегі балықтың 100мг салмағына, дернәсілдер мен шабақтың бойына қарай су 6- 7 л/мин.
ИЦА – 2 бассейніне отырғызу тығыздығы 1 – кестеде көрсетілген.
1 Кесте Салмағы 3 г, мың дана/м2 болатын жас бекіре балығын отырғызутығыздығы
Дене салмағы, мг |
ақсерке, бестер, мың. дана |
Орыс бекіресі,сүйрік мың. дана |
60 |
6 - 8 |
4 – 6 |
100 |
2 – 3 |
1,5 – 2 |
1000 |
1 – 1,5 |
0,6 – 0,8 |
3000 |
0,6 – 0,8 |
0,4 – 0,6 |
Бассейнде салмағы 3 г дейінгі шабақтарды өсіргенде ОСТ – 4 дайын құрама жеммен азықтандырады. Жоғарыға қалқып шыққан бос эмбриондарға азыққа оң реакция алу мақсатында шаң түрінде құрама жем беріледі. Құрама жемге бейімделу 2-3 тәулік. Құрама жеммен қоса дернәсілдерге дафний мен артемий беріледі. 2 Кесте Бассейнде салмағы 3 г дейінгі шабақтарды өсіру бионормативтері
Биотехника элементтері |
Бионормативтер |
Бассейндегі су тереңдігі, м |
0,2 – 0,4 |
Өсіру кезіндегі су температурасы ºС дернәсілшабақ |
16 – 22 20 - 24 |
Шабақтардың салмағы 3г/тәулік жеткенше өсіру ұзақтығы |
30 – 40 |
Өсіру аралығындағы қалдықтар % |
50 |
Бұл таңдаудағы негізгі себеп, сүйрік балығының балық шаруашылық көрсеткіштері жоғары және өсіруге қолайлы. Сүйрік балықтың қоңдылығы мен тауарлық қасиеттері, салмағы үш жасында толық қалыптасады, сол себептен сүйрік балығын өсіру басқа бекіре тұқымдас балықтарға қарағанда тиімді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 Койшыбаева С.К., Бадрызлова Н.С., Федоров Е.В. Қазақстанның балық уылдырық шашатын және шабақ өсіретін тоған шаруашылығы жағдайында бекіре балығын жаңа нысан ретінде өсіру // Жаршы. - 2009. - № 2. - Б. 60-63. 2 Бадрызлова Н.С., Федоров Е.В., Койшыбаева С.К., Жубанов К.У. Рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в бассейнах и прудах в условиях рыбоводных хозяйств юга Казахстана. - Алматы, 2009. - 56 б. Нургазы К.Ш., Койшибаева С.К., Сагилдолдина Ж.Е. - авторы