МҒТАР 52.35, 87.53.24 №4 (2018г.)
Булдаков Ю.М., Егизеков М.Г., Куленова Н.А., Реймер Ю.А., Скориков С. П.
Импульсті-инерциялық байыту құрылғысын қолданудың арқасында тауарлық көмір сапасын жақсарту бойынша зерттеулер жүргізілді. Алынған нәтижелер ұсынылған әдістеменің жоғары тиімділігін дәлелдейді: оптималды жағдайда технологияның қалдықсыз өтетіні анықталды және көмірдегі күл-қож қоспалары 9% -ға дейін кеміп, оның калориялық жылу көрсеткіші 8%-ға көтерілген. Осы зерттеу нәтижелерін пайдаланған жағдайда өнеркәсіптің технологиялық-экономикалық тиімділігінің едәуір артуы әбден мүмкін.
Түйінді сөздер. Тауарлық көмір, байыту, түрлену, қалдықсыз күлділігін төмендету