МҒТАР 52.13.19 №4 (2018Г.)
Исабек Т.К., Зейтинова Ш.Б.
Мақалада аралас геотехнология кезінде жерасты ашу тәсілдерінің классификациясы қарастырылады: аралас геотехнологияның әлемдік тәжірибеде пайда болуы; ашық тәсілмен өндіруден жер астына өтуіне байланысты мәселелері. Ашық карьерлік кеңістік және карьердің жиегіне іргелес байланыс аймақтарындағы жыныстардың жылжуы – техногендік әсердің жаңа факторының ықпалын есепке алып, аралас геотехнология кезінде тік шахталық оқпандарды орналастыру орындарын таңдаудағы ғылыми-әдістемелік негізін қарастыру мақаланың негізгі идеясы болып табылады.
Түйінді сөздер: аралас геотехнология, карьердің контурдан тыс қоры, тік оқпан, қысымды-деформациялық күйі, ашық карьерлік кеңістік, жаңа әсер етуші техногендік фактор.