Алакөл көлі бассейні табиғи туристік-рекреациялық ресурстарының құрауыштар бойынша интегралды бағасы

МҒТАР 39.19.31, 87.29.91                                                                               №4 (2018г.)

 

Мукаев Ж.Т., Озгелдинова Ж.О., Искаков   Ж.Н.   

 

Келтірілген мақалада Алакөл көлі алабы ландшафтарының рекреациалық әлеуетін компоненттік интегралды тұрғыдан бағалау критерилері ұсынылған. Бұл әдістеме негізінде ландшафтарды компоненттік тұрғыдан бағалау жатыр, ол ландшафтты құрайтын көрсеткіштер сомасынан тұрады: жер бедері, климат, су нысандары мен топырақ-өсімдік жамылғысы, бұл бағалауда үш балды жүйе қолданылды. Жер бедерін функционалды бағалау параметрлері ретінде абсолюттік биіктік пен жер бедерінің тілімделуі пайдаланылды. Климаттық компонентті бағалау шкаласы күндер есебіндегі қолайлы жазғы рекреациялық кезеңнің ұзақтығын, қысқы демалысты ұйымдастыру үшін қар жамылғысының биіктігін, +10°С жоғары ауа температурасының жиынтығын ескерді. Су объектілерінің рекреациялық құндылығы су объектілерінің көлемі мен түрлілігін, жылдық ағынның орташа шамасын ескере отырып, бағаланды. Топырақ-өсімдік жамылғысы  табиғат зонасын, аумақтың ормандылығын және батпақтылығын ескере отырып, бағаланды. Алынған мәндер негізінде карта құрастырылып, туризм мен демалыс үшін табиғи ландшафтардың тартымдылығы бойынша аудандастырылу жүргізілді.
Түйінді сөздер: табиғи-ресурстық потенциал, туризм, рекреация, рекреациалық потенциал, жер бедері, климат, су нысандары, топырақ-өсімдік жамылғысы.

Комментарии закрыты.