Тозуға төзімді балқыту материалдарымен қапталған термофрикциялық құралдардың сапасын бақылау және сынау

МРНТИ 55.19.13                                                                              №3 (2020г.)

Шеров К.Т., Тусупова С.О., Ракишев А.К., Мусаев М.М., Доненбаев Б.С., Шеров А.К., Курмангалиев Т.Б., Сарымбай А.К.

 

Авторлар тетіктердің әр түрлі беттерін термофрикциялық өңдеу тәсілдерін әзірледі. Бұл мақалада термофрикциялық құралдардың то-
зуға төзімді балқытушы материалдармен балқытып қаптау арқылы тозуға төзімділігін арттыру бағыты бойынша зерттеу нәтижелері берілген. Балқытылған беттердің сапасы бұзбай бақылаудың магниттік ұнтақты әдісімен зерттеліп, бақылау жүргізілді. STOODY M7-G материалынан балқытылып қапталған термофрикциялық құралдар да түрлі материалдарды өңдеу процесінде сынақтан өтті. Эксперименттік зерттеулердің нәтижелері бойынша, STOODY M7-G материалынан жасалған қорытпамен балқытып қапталған термофрикциялық құралдардың тозуға төзімділігі дәстүрлі термофрикциялық құралдармен салыстырғанда 1,5÷2 есеге артқан.
Түйінді сөздер: Термофрикциялық өңдеу, балқытпа, балқытылатын материал, тозуға төзімділік, үйкеліс фрезасы, дискілі ара.

Комментарии закрыты.