Құрылыс өндірісіндегі жазатайым оқиғалар және жүк көтергіш машиналарды пайдалану кезіндегі қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету

МРНТИ 55.01.93, 67.01.93. 86.23                                                       №3 (2020г.)

Сутемген Ж.Т., Бергенева Н.С., Қалдыбаева С.Т., Исанбекова А.Т.

 

Мақалада жүк көтергіш механизмдерді өндірісте пайдалану кезіндегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбек жағдайын жақсарту
мәселелері қарастырылған. Құрылыс өндірісіндегі жазатайым оқиғалардың себептері талданған. Еңбекті дұрыс ұйымдастыру түрлері мен қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету шаралары көрсетілген. Өндірісте туындайтын қауіпті өндірістік факторлар мен жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі авариялар мен жазатайым оқиғаның негізгі себептері көрсетілді. ТКТ – 200 колодкалы тежегішінің ерекшелігі мен қолдану аймағы анықталған. Жүк көтергіш крандардың жұмыс алдындағы тексеру жұмыстарының барысы мен реті көрсетілді. Болат арқан есебі мен жебенің беріктілігі зерттелді. Үзілу күші бойынша арқан түрін таңдалып, беріктілігі анықталды. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі еңбекті ұйымдастыруда шаралар кешенін жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.
Түйінді сөздер: жүк көтергіш машиналар, машина жасау саласындағы қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру, тиеу-түсіру жұмыстары

Комментарии закрыты.