«Rabota» оқу моделінің мысалы негізінде байестік желіні қолдану

МРНТИ 28.29.15                                                                                №2 (2020г.)

Мамырбаев О. Ж., Литвиненко Н. Ж., Шаяхметова А. С., Сұлтанғазиев А. Н., Турдалюлы М.

 

Заманауи ақпараттық ортада әртүрлі қолданбалы есептерді шешу үшін жасанды интеллект, оның ішінде Байес әдісін қолдану өзекті болып
отыр. Байес әдісі қолданыстағы ықтималдылықтарды жаңадан алынған тәжірибелік мәліметтерге бейімдеу әдісі ретінде қолданылады. Байес желісін құрудың негізгі идеясы – күрделі жүйені қарапайым элементтерге бөлу. Мақала «Rabota» оқу үлгісі мысалында Байес желісін қолдануға арналған. Байестік желілердің артықшылықтары және өтініш берушінің бос лауазымға орналасу қабілетін анықтаудағы нақты мысал негізінде қарастырылады. Ұсынылған зерттеу әдісі Байес әдісін қолдана отырып, белгілі бір лауазымға үміткердің әлеуетін бағалауға әсер ететін негізгі факторларды ескереді. Зерттеу нәтижелері, соның ішінде салынған Байес желіде құрылған жекелеген түйіндері арасындағы ықтималдық қатынастары ұсынылады.
Түйінді сөздер: жасанды интеллект, байесов желілері, ықтимал тәуелділік

 

 

Комментарии закрыты.