Жылу алмасу процесін Delphi ортасында үйымдастыру

МРНТИ 28.17.32                                                                                    №2 (2020г.)

Жидекулова Г.Е., Қуандыков  М.

 

Мақалада қазіргі таңда кездесетін жылу алмасу процесінің математикалық есептеулерін қолдану арқылы бағдарлама құру жолымен стерженнің қызуын, пластинкадағы жылу таралымын компьютерлік модельдеу және т.б. мәселелер қарастырылып, параллельді есептеулер ұсынылды. Жылу алмасу процесін Delphi ортасында ұйымдастыру барысында: жылу алмасу жағдайының әдістемелік-теориялық негіздері қaрaстырылды; біріккен aқпaрaттық кеңістік қaмтылды және біріккен aқпaрaтты ресурстaрмен бaсқaрусаясаты кірістірілді; жылу алмасуды компьютерлік модельдеу құрылып, жылумен қамту жағдайларын параллельді есептеудің мaтемaтикaлық моделі мен прогрaммaсы жaсалды. Бағдарламалық жобаның жүзеге асуын қамтамасыз ететін әдістер қарастырылды, олардың ішінде параллельді программалар физикалық түрде жалғыз процессор арқылы әрбір есептеулерді қадам арқылы есептеу процестері жүргізіледі немесе параллельді – әрбір есептеу процестеріне бір немесе бірнеше процестерді бөлу арқылы іске асырылды.
Түйінді сөздер: жылу амасу, стерженнің қызуы, пластинканың жылу алмастыруы, жылудың конвекциясы, жылу өткізгіштік, компьютерлік модельдеу.

 

Комментарии закрыты.