Үлкен диаметрлі ұңғыларды бұрғылауға арналған қалақшалы қашаудың құрылымдық параметрлері

МРНТИ 52.13.07                                                                              №1 (2021г.)

PDF

Ратов Б.Т., Федоров Б.В., Руслякова-Куприянова И.А., Косьминов А.С.

 

Ұңғыларды қалақты қашаулармен бұрғылау тәжірибесінен қаттылығы бойынша қиылысатын тау жыныстарын қазу кезінде құралдың «қатып қалуы» жиі болатыны белгілі. Бұл құбылыс проф. В.С.Владиславлевтің айналмалы бұрғылау теориясының негізінде қашаудың радиалды пышақтарына орнатылған кескіштерге осьтік жүктеменің таралатыны анықталды. Қашау айналатын осьтің қасында орнатылған кескіштерге жүктеменің күрт артуына қарамастан, қатты тау жыныстарын қазу кезінде жиі аталған қиындықтар байқалады. Осындай қиындықтарды жою үшін «Smith bits» компаниясы қашаудың шет жағына өте қатты материалдан жасалған конус қойып, осы аймақтан пышақтардың бір бөлігін кескіштерімен алып тастауды ұсынды. Кез-келген тау жыныстарын бұрғылау кезінде құралдың “қатып қалуын”
жою үшін қашаудың орта тұсындағы ұшына ұшы PDC кескіштерімен жабдықталған кіші диаметрлі сақиналы кескішті орнатуды қажет ететін техникалық шешім ұсынылады және патенттеледі.
Түйінді сөздер: қалақты қашаудың «ілінуі», қатты тау жыныстар, сақиналы кескіш, шағын диаметрі, керннің бұзылуы, бұрғылау өнімділігінің артуы.

 

 

Комментарии закрыты.