Кавитатормен өңделгеннен кейін шаймалау ерітіндісінің белсенділігінің өзгеруін зерттеу

МРНТИ 52.13.19                                                                                           №1 (2021г.)

PDF

Юсупов Х.А., Абен Е.Х., Омиргали А.К., Хайруллаев   Н.

Түйіндеме. Жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісінің барлық артықшылықтарына қарамастан, оның бірқатар кемшіліктері бар, соның бірі өнім ерітіндісіндегі уран мөлшерінің төмен болуына байланысты блоктар қорының ұзақ уақыт игерілуінде. Өнім ерітіндісіндегі уран мөлшерін жоғарылатып, сілтілеу уақытын азайтудың әр түрлі тәсілдері бар. Алайда, осы тәсілдерді іс жүзінде жүзеге асыру үлкен материалдық және еңбек шығындарын талап етеді. Пайдалы компоненттердің түсімін арттыру, сілтілеу уақытын және реагент шығынын азайту үшін, кавитация әсерін іске қосу негізінде ерітіндіні белсендіру технологиясы ұсынылады. Сілтілеу ерітіндісін белсендіру өнімді ерітіндідегі уран мөлшерін жоғарылатып, блокты сілтілеу уақытын азайтады. Бірақ, ерітіндіні белсендіру дәрежесінің неше уақытқа жететіні зерттелмеген.
Сондықтан, бұл жұмыста лабораториялық зерттеулер барысында сілтілеу ерітіндісі кавитатормен белсендірілгеннен кейінгі өткен уақытқа байланысты белсенділігінің өзгеруі алынған.
Түйінді сөздер: белсендіру, пайдалы компонент, жерасты ұңғымалық сілтілеу, уран, кавитация, ерітінді.

Комментарии закрыты.