Блутанг вирусына қарсы тәнді қан сарысуын алу

МРНТИ 68.41.53                                                                               №3 (2020г.)

Курманбекова Ж.К., Кошеметов Ж.К., Мустафин М.К., Мустафин Б.М., Алиханов К.Д.

Бұл мақалада блутанг вирусына қарсы тәнді қан сарысуын алу сынағы көрсетілген. Блутанг вирусына қарсы тәнді қан сары суын алу үшін
жұмыс барысында ағзасы таза 6-12 айлық қой және ешкі пайдаланылды. Тәнді қан сары суын алу кезінде малдарды гипериммундеу үшін үш әдіспен алынған антиген қолданылды. Гипериммундеу жүйесі бір-бірінен антигендердің енгізу әдістерінің өзгешілігімен ерекшеленеді. Тәжірибе нәтижесінде 0,45 миллимикронды сүзгісі бар Миллипор сүзгісімен тазартылған антиген тиімді екені дәлелденді. Осы антигенмен алынған блутанг вирусына қарсы қан сарысуы өзгешелігімен және белсенділігімен ерекшеленді, белсенділігі ДПР-да 4,0 log2 болды.
Түйінді сөздер: блутанг, иммундеу, қан сары суы, диффузды преципитация реакциясы, антиген

 

Комментарии закрыты.