Орталық Қазақстанда глифосатты қолданудың әртүрлі әдістері тиімділігінің ғарыштық мониторингі

МРНТИ 68.01.77, 89.57.45                                                               №3 (2020г.)

Бекбулатов С.,  Хантурин М., Бекбаева A.

 

Жерді қашықтықтан зондтау технологиясын, спутниктік суреттерді және арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып, түрлі
глифосатты қолдану әдістерінің тиімділігі көрсетілген. Ғылыми зерттеуде эксперименттік далалық әдіс (AmaSpot бүрку технологиясы), спутниктік кескіндер (Sentinel-2), бағдарламалық қамтамасыздандыру (ArcGIS) қолданылды. Өңделген және интерпретацияланған NDVI кескіндері Орталық Қазақстанда түрлі глифосатты қолдану әдістерінің тиімділігін растайды. Глифосатты қолданудың сараланған әдісі арамшөптерде глифосаттың биологиялық тиімділігін төмендетпей, жалпы агроэкологиялық жүктемені және ауылшаруашылық
өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Түйінді сөздер: далалық сынақтар, глифосат, қолдану жылдамдығы, сараланған әдіс, тиімділік, NDVI.

Комментарии закрыты.