Өсімдіктің өсуін ынталандырушы – фитомикрофертилайзер – отандық өнім

МРНТИ 68.33.29                                                                                    №1 (2020г.) Скачать статью Жумахан К., Азаткызы С., Мутушев А.Ж., Бексейтова К.С.   Жұмыста фитомикрофертилайзердің түрлі концентрацияларымен өңделген тұқымдық бидайды өсіру туралы деректер келтірілген. Фито- микрофертилайзердің ең тиімді концентрациясы 1 литр суда 1 мл құрайды. Көшеттердің ұзындығын бақылау егуден екі есе көп, көшеттердің ұзындығы бақылау егуімен салыстырғанда 49,5% құрайды. Бұл нұсқадағы көшеттер мен…

Азықтандырудың әртүрлі деңгейінде ірі қара малдың төлін өсіру.

МРНТИ 68.39.18                                                                                      №1 (2020г.) Скачать статью Калмагамбетов М.Б., Габит Г.Г., Сагашов Ж.Ж.   Қазақтың ақбас тұқымды тәжірибелік қашарларының пішенді, сүрлемді және аралас азықтандыру типінің рацион тиімділігі зерттелді. Пішенді және аралас азықтандыру типімен қоректенген қашарлар сүрлемді азықтандыру типімен салыстырғанда жалпы (10,1 және 10,0%) және алмасу (14,3 және 18,2%) энергиясын артық жұмсағаны зерттеу жұмыстарында анықталды. Сүрлемді азықтандыру…

Қант қызылшасы тұқымын өндіру әдістерінің тиімділігін анықтау

МҒТАР 68.35.33, 68.35.03                                                                        №1 (2020г.) Скачать статью Қожахметов М.К. Мақалада өндіру тәсілдеріне қарай қант қызылшасы тұқымының сапасы және оны жеделдете көбейту мәселесі төңірегінде жүргізілген зерттеулер туралы баяндалады. Аналық қызылшаны жазда көшіріп отырғызудың (штеклинг) (себу мерзімі, жиілігін қалыптастыру) және тұқымдықтардың (көшіру мерзімі, тамыржемістің фракциясына қарай отырғызу схемасы) технологиясы жетілдірілді. Көшетсіз әдісте оңтайлы өскіндер алу үшін өсімдіктің…

Қатты бидай өсірудегі 1000 дәннің салмағының және астық сапасы көрсеткіштерінің мәні

МРНТИ 68.35.29                                                                                        №1 (2020г.) Скачать статью Мейлиев А.Х. Жұмсақ бидайға қарағанда қатты бидай құрғақшылыққа, жоғары температураға, сары, қоңыр татқа төзімді және қатты қара күйе көп түсе бермейді, сондай-ақ қатты бидайдың дәндері піскен кезде түсіп қалмайды. Сол себепті астық өсірудің негізгі бағыты белгілі бір аймақтың экологиялық жағдайына тез бейімделген, тұрақты түсімділігі бар жаңа сорттарды құруға бағытталған….

Инновациялық бейімделген агронанотехнология

МРНТИ 68.29.19                                                                                       №4 (2019г.) Қожахметов М.К., Абутова Р.    Мақалада Қазақстанда инновациялық бейімді агронанотехнологияны зерттеу туралы сөз қозғалады. Көлдік сапропельден алынған гуминдік препараттарға сипаттама беріліп, теориялық тұрғыдан олардың өсімдікке әсер ету механизмі келтірілген. Гуминді тектес заттарды алудың жоғары белсенді технологиясы – механикалық-химиялық жолмен алу тәсілін көрсетті. Ауыл шаруашылығы тұқымдарын егістікке себер алдында құрамында металдардың нано…

Жүзімді қайта өңдеу қалдықтарынан өндірілген табиғи минералдары бар жемшөп қоспалары негізіндегі қозылар мен қойларға арналған құрама жем

МРНТИ 68.39.15, 65.31.91                                                                        №4 (2019г.) Алимкулов Ж.С., Велямов М.Т., Сарманкулов Т.М., Жумалиева   Т.М.  Мақалада 4-5 айлық қозылар, буаз және емізулі саулықтар үшін құрама жем өндіруде табиғи минералдарды (жемдік вермикулит) және жүзім қалдықтарын (жүзім сығындысы) жемдік қоспаларда қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Азық қоспасының құрамы оны пайдалану тиімділігінің негізгі факторы және нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына жауап беретін құрама жем…

Эхинококкозбен ауыратын және сау малдарды сою өнімдерінің аминқышқыл құрамы салыстырмалы аспектіде.

МРНТИ 68.01.81, 68.41.05                                                                          №2 (2019г.)     Кенжетай Ж., Аллабергенова А., Айтжанова Т., Ромашев К.М., Рожаев Б.Г., Досанов К.Ш.   Түйіндеме. Зерттеулер барысындағы жануарлардың мүшелеріндегі ауыспайтын  амин қышқылдарының жалпы саны, эхинококкозбен ауырғандарда былай төмендеген: етте – 32,50%-ға,  жүректе – 12,65%-ға,  бауырда – 31,92%-ға, өкпеде – 19,86%-ға, көкбауырда – 3,72%-ға және бүйректе – 9,03%-ға дейін. Ауыстырылатын…

Ауылшаруашылық тұқымдарын градиентті магниттік өріспен өңдеу

МРНТИ 68.37.13                                                                                       ННК 2 (2019г.)   Кожахметов М. К., Островский М.В. Түйіндеме. Мақала градиенттік магнит өрісі арқылы ауыл шаруашылығы тұқымдарын өңдеудің біршама жетістікке жетуге болатындығын баяндайды. Жұмыстың мақсаты – өсімдік тектес нысандарды оның ішінде тұқымдар, тамыр жемістері және өсімдіктің өсу кезеңінде электромагниттік қондырғылармен өңдеп, қолданбалы программаларды пайдалану арқылы басқаруға қол жеткізу. Сонымен қатар, мақалада Қазақстан…

Жапырақ татына бидай төзімділігін арттырудың негізгі тәсілдері

МРНТИ 68.37.31                                                                                 №1 (2019г.) Скачать Рсалиев А.С., Пахратдинова Ж.У., Амирханова Н.Т., Ысқақова Г.Ш. Қоздырғышы Puccinia triticina Erikss болып табылатын бидай жапырақ таты әлемнің көптеген еліне экономикалық шығындар әкелетін аса қауіпті ауру. Бұл талдауда Қазақстанда бидай жапырақ татының эпидемиясы туралы ақпараттар көрсетілді. «Бидай – тат» патожүйесінің өзара әрекеттестігін зерттеуде қолданылатын дәстүрлі және заманауи әдістемелік тәсілдер сарапталды….

Көшет отырғызу машинасының көшетті отырғызу аппаратының жұмыс барысын талдау

МРНТИ 68.85.81, 55.57.33                                                                №1 (2019г.)   Тухтакузиев А.,  Баймаханов К., Калымбетов Б.Е., Алтынбеков   Д.   Мақалада көкөністердің көшетін топыраққа отырғызу машинасының жұмысы қаралды, яғни адамның көшетті револьверге салуы, одан көшеттің воронкаға түсу арқылы көшет отырғызу секциясының сошнигіне баруы, сошник көшетті алып,  пленканы тесе отырып топыраққа 7-8 см ұя жасау арқылы көшетті отырғызып шығуы теориялық жолмен…