Қант қызылшасы тұқымын өндіру әдістерінің тиімділігін анықтау

МҒТАР 68.35.33, 68.35.03                                                                        №1 (2020г.)

Скачать статью

Қожахметов М.К.

Мақалада өндіру тәсілдеріне қарай қант қызылшасы тұқымының сапасы және оны жеделдете көбейту мәселесі төңірегінде
жүргізілген зерттеулер туралы баяндалады. Аналық қызылшаны жазда көшіріп отырғызудың (штеклинг) (себу мерзімі, жиілігін қалыптастыру) және тұқымдықтардың (көшіру мерзімі, тамыржемістің фракциясына қарай отырғызу схемасы) технологиясы жетілдірілді. Көшетсіз әдісте оңтайлы өскіндер алу үшін өсімдіктің қыстап шығар алдындағы жиілігі бір қума метр қатарда 20-24 данадан болады.
Түйінді сөздер: Көшеттік, көшетсіз, бороздалық-қарықтық, штеклинг, тамыр жемістер, аналық қызылша, фракция.

 

 

 

Комментарии закрыты.