Эхинококкозбен ауыратын және сау малдарды сою өнімдерінің аминқышқыл құрамы салыстырмалы аспектіде.

МРНТИ 68.01.81, 68.41.05                                                                          №2 (2019г.)

 

 

Кенжетай Ж., Аллабергенова А., Айтжанова Т., Ромашев К.М., Рожаев Б.Г., Досанов К.Ш.

 

Түйіндеме. Зерттеулер барысындағы жануарлардың мүшелеріндегі ауыспайтын  амин қышқылдарының жалпы саны, эхинококкозбен ауырғандарда былай төмендеген: етте – 32,50%-ға,  жүректе – 12,65%-ға,  бауырда – 31,92%-ға, өкпеде – 19,86%-ға, көкбауырда – 3,72%-ға және бүйректе – 9,03%-ға дейін. Ауыстырылатын аминқышқылдардың құрамына қатысты,  оның саны, клиникалық түрде сау жануарлардың етімен салстырғанда, эхинококкпен зақымдалған ет пен ішкі мүшелерінде артқандығын байқадық, мысалы: етте – 12,7 есеге, жүректе – 2,3 есеге, бауырда – 2,2 есеге, ал өкпеде бос аминқышқылдарының саны аздап – 0,1 есеге артты, бүйректе болса, ауыстырылатын аминқышқылдарының жалпы саны 1,7 есеге артса,  көкбауырда – 2 есеге дейін артқан. Паразиттермен зақымдалған әртүрлі ішкі мүшелер мен тіндер ауысатын және ауыспайтын аминқышқылдардың құрамындағы осындай өзгерістер денеде пайда болатын патологиялық процесстерді тікелей көрсете алады және тек  белгілі бір мүшеге  ғана емес, барлық ішкі мүшелер жүйесі мен бүкіл ағзаға кері әсерін тигізеді.
Түйінді сөздер: Инвазия, эхинококкоз, жануарлар, ауысатын және ауыспайтын аминқышқылдар, жүрек, бауыр, өкпе, көкбауыр, бүйрек.

 

Комментарии закрыты.