Оңтүстік-шығыс Қазақстандағы үштұқымдық будандардың бордақылау қасиеттері

МРНТИ 68.39.35                                                                              №3 (2020г.)

Ахметова Н.И., Долгих М.Е., Джуматаева Г.П.

Мақалада F1 екі генотипті (бастапқы кезеңде кері будандастыру жүргізілген) аналық мегежіндерді дюрок ет тұқымды қабанымен шағылысты
ру барысында алынған, үштұқымды будандардың бордақылау және еттілік қасиеттерінің сипаттамалары келтірілген. Олар бұрыннан бері сол жерде бейімделген және таза тұқым түрінде өсіріледі. Алынған мәліметтер бойынша F1 (ІА/АҚ) x♂Д генотипі шағылыстырудың қолайлы түрі болып табылады. Осы генотип топтарындағы жануарлар ең жақсы көрсеткіштерге ие болды: орташа тәуліктік өсім – 596 г, салмақ қосқан жасы – 196 күн, салыстырмалы өсім – 165,4%. Басқа тәжірибелік топтағы F1 (АҚ/ІА) генотипі жоғарыда аталған барлық белгілер бойынша едәуір төмен болды, бірақ та, қыртыс майының қалыңдығы 1 мм-ге аз, ал дене ұзындығы – аздап +1 см-ге артты. Айта кету керек, соңғы будандар, ірі ақ пен ақсайлардан әсіресе, бордақылау сапасы жағынан едәуір асып түсті.
Түйінді сөздәр: үш тұқымды будандастыру, ірі ақ, Ақсай қара-ала, дюрок, генотип, бордақылау сапасы, ет сапасы, эйрисомдық индексі.

 

Комментарии закрыты.