Жылыжайлардағы ауаның пестицидтермен ластануын зерттеу

МРНТИ 87.27.05                                                                                 №3 (2020г.)

Изтлеуов Г.М., Дайрабаева А.Ж., Жаксыбек К.К., Аскербекова А., Амирбекова Е.

 

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жылыжайларда ауаның ластануының ең жоғары деңгейі өсімдіктердің пестицидтерімен өңдеуді баста-
ған 6-8 сағаттан кейін пайда болады. Бұл дәйек дала жағдайымен салыстырғанда жылыжай ортасының ерекшелігімен түсіндіріледі. Пестицидтерді қолданғаннан кейін жылыжайларда жұмысты қайта бастаудың қатаң мерзімдерін белгілеуді және өсіру нысандарының технологиялық режимін қайта қарауды талап етеді. Жылыжайдағы ауаның екінші реттік қайталама ластануы қауіпсіздік тұрғысынан қызықты және маңызды болып табылады. Бұндай құбылыс өсімдіктерде, жабдықта, топырақта сақталған пестицидтердің қалдық мөлшерімен технологиялық жұмысты қайта бастағанда байқалады. Өсімдіктерді суарудан кейінгі оберонның концентрациясының жоғарылауы, бастапқы ластану кезінде концентрацияның жоғарылауымен бірдей дәрежеде қарқынды жүрді. Бұл жағдайда ластанудың максималды деңгейі алғашқы ластанудағы ластану деңгейімен шамалас болды, ал Оберонның МШК-дан жоғары концентрациясының ең жоғары мөлшері 8 с. бойы
байқалды.
Түйінді сөздер: қызанақ, пестицидтер, жылыжай, өсімдік ұлпасы, талдау, Оберон.

Комментарии закрыты.