Арпа дақылының физиологиясына натрий хлоридінің және мыс ионының әсерін экологиялық тұрғыдан бағалау

МРНТИ 87.15.19.03                                                                         №3 (2020г.)

Султангазиева Г.С., Ахметова С.О.

 

Мақалада арпа дақылының физиологиялық және биохимиялық құрылымының өзгеру мәселелері қарастырылған. Мәселелердің бірі – то-
пырақтың тұздануы мен ауыр металдармен ластануы, әсіресе мыс иондарымен. Зерттеудің мақсаты – арпаның әр түрлі сорттарына натрий хлориді мен мыс сульфатының әсер ету дәрежесін олардың тұрақтылығын интеграциялды физиологиялық және биохимиялық тәсілдері негізінде бағалау. Арпаның қазақстандық сұрыптарын салыстырмалы түрде зерттеу нәтижелері, олардың тұздануы мен мыстың әсеріне жауап ретінде қорғаныс реакциясының қалыптасуы (күйзелісті аминқышқылдар, полиаминдер, антиоксидантты ферменттердің белсенділігі жоғарылайды). Тұздану жағдайында салыстырған кезде топырақ үстіндегі мүшелерінен гөрі, тамырларының өсіндісі мен биомассасының жинақталу әсерінің аз болғаны анықталды. Алынған мәліметтер бойынша өсімдіктердің төзімділігін интегралды көрсеткіштер ретінде
пайдалануға мүмкіндік береді.
Түйінді сөздер: арпа, топырақтың тұздылығы, биомасса, тургорлық масса, биометрлік көрсеткіш, күйзеліске тұрақтылығы.

Комментарии закрыты.