Құрманы ұннан жасалған кондитерлік өнімдерде қолдану

МҒТАР 65.09.33                                                                                          №3 (2019г.)

 

Мамаева Л.А., Жумалиева Г.Е., Муратбекова Қ.М., Нурдан Д.

 

Ұннан жасалған кондитерлік өнімдер халық арасында үлкен сұранысқа ие, шамадан тыс тұтынуы тамақтану рационының теңгерімділігін
бұзатын жоғары калориялы тамақ өнімдерінің тобын білдіреді. Олардың елеулі кемшілігі маңызды биологиялық белсенді заттардың – витаминдердің, минералдардың және тағамдық талшықтардың төмен құрамы болып табылады. Осының салдарынан мамандар ұннан жасалған кондитерлік өнімдердің тұтынушылық қасиеттерін, олардың қауіпсіздігін жақсарту ғана емес, сонымен қатар осы топтың азық-түлік құндылығын арттыру мәселелеріне үлкен көңіл бөледі. Біздің жұмыста ұннан жасалған кондитерлік өнімдерде финик шәрбатын қолданамыз. Құрмалардың тағамдық және биологиялық құндылығы қарастырылды, олар біздің ағзамызға қажетті емдік қасиеттерге ие заттардың қоймасы болып табылады. Алдағы уақытта авторлар дайын өнімдердің сапасын және өндірістің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін финик шәрбатын қолдана отырып, жаңа отандық ұннан жасалған кондитерлік өнімдердің технологиясын әзірлеуді жоспарлап отыр.
Түйінді сөздер: құрмалар, құрма шәрбаты, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, қантты печенье.

 

Комментарии закрыты.