Әртүрлі тұқымдағы ешкі сүтінің майлы-қышқылды құрамын зерттеу

МҒТАР 65.63.03, 65.63.29                                                                     №3 (2019г.)

Шаншарова А.С., Тултабаева   Т.Ч.

«KozaMilk» шаруа қожалығында және Алматы облысындағы жеке шаруашылықтарда түрлі тұқымдардағы ешкі сүтінің құрамы бойынша
май қышқылдарының мөлшерінің өзгермелілігіне бақылау жүргізілді. Майлы фазаларды сәйкестендіру Қазақстан-Жапония инновациялық орталығының зертханасында отты-иондау детекторы мен капилярлық колоннасы Agilent J &W Columns GP-Sii 88 for FAME өлшемі 100м˟0,25мм˟0.2мкл болатын Shimadzu GC-2010 Plus газ хроматографы арқылы жүргізілді. Қанықпаған май қышқылдарының ең жоғары концентрациясы II топта – 31,28% болды. Қаныққан май қышқылдарының ең жоғары концентрациясы нубий ешкі сүтінде – 74,42% анықталды. Ешкі сүтінің май қышқылы құрамының мөлшерін анықтау кезінде маусымдық әсерлерін, ешкілердің жасы мен тұқымын,
лактация кезеңін, азықтандыру жағдайын ескеру қажет.
Түйіндi сөздер: ешкі тұқымы, заанен, ешкі сүті, сүт майы, майқышқылды құрам.

 

 

 

Комментарии закрыты.