Сыра және спирт өнеркәсібі қалдықтарынан өндірілетін азықтық қоспаларға арналған синбиотиктерді әзірлеу

МРНТИ 65.09, 62.09.39                                                                    №1 (2019г.)

 

Чижаева А.В., Дудикова Г.Н., Велямов М.Т., Потороко И.Ю., Алимкулов Ж.С., Бутыркина Н.П., Велямов Ш.М., Курасова Л.А., Жумалиева Т.М.

 

Қалдықтық ресурстарды мал азығының көзі ретінде пайдаланудың проблемасы сол, өңдеу және ашыту салаларындағы қалдықтар тез бұзылатын шикізат болып табылады. Зерттеудің мақсаты – сыра қайнату, спирт өндіру және басқа салалардың қалдықтарынан өндірілетін мал азығының санитарлық жағдайын жақсартуға, сақтау мерзімін ұзартуға және сапасын арттыруға мүмкіндік беретін сүт қышқылды бактериялар негізіндегі синбиотикалық препаратты құру. Сүт қышқылды бактериялардың отандық штаммдарын негізге ала отырып,  біз азықтық қоспалар мен құрама жемдердің споралы бактериялары мен зең саңырауқұлақтарына, ластаушы компоненттеріне қарсы антагонистік қасиеттері бар пробиотикалық консорциум құрып, синбиотикалық препарат әзірледік.  Азықтық қоспалар құрамына синбиотикті енгізу құрама жем құрамындағы астық шикізатын алмастырып, мал азығының  санитарлық жағдайын жақсартатын жаңа отандық, жоғары сапалы және қауіпсіз пробиотикалық мал азығы өнімін алуға мүмкіндік берді.
Түйін сөздер: синбиотик, сүт қышқылды бактериялар, азықтық қоспалар, сыра бытырасы, спирт төбі.

 

Комментарии закрыты.