Төменгі температурада сақтаудың қауын негізіндегі сорбенің дәмдік-хош иістік қасиеттеріне әсерін зерттеу

МРНТИ 65.53.31                                                                               №1 (2019г.)

 

Еренова Б.Е., Пронина   Ю.Г.

 

Түрлі композициялы қауын негізіндегі өсімдік тектес байытқыш қоспалар қосылған «Снежный соблазн», «Морозная ночь», «Ледяное касание», «Зимнее солнце», «Летняя прохлада» сорбелерінің дәмдік-ароматтық қасиеттеріне минус 18 ÷ минус 25 оС деңгейіндегі төменгі температуралық сақтау әсері зерттеліп, нәтижелері дәм және хош иіс профилограммасы түрінде көрсетілді. Қауын негізіндегі сорбелердің дәмдік-хош иістік қасиеттерінің ұзақ мерзім сақтауда зерттелетін сорбе үлгілерінің қышқылдығы мен дәміндегі тәттіліктің өзгерулеріне байланысты төмендейтіндігі және тоғыз ай сақтау мерзімінде бұл өзгерістердің мардымсыз екендігі анықталды. Сондықтан, аса ұзақ сақтау өз кезегінде өнімдердің дәмдік-хош иістік қасиеттеріне тікелей әсер етіп, органикалық қышқылдардың деңгейін төмендететін  болғандықтан, сорбелерді тоғыз ай мерзімінде сақтау ұсынылады.
Түйінді сөздер: қауын, байытқыш қоспалар, сорбе, төменгі температуралық сақтау, дәмдік-хош иістік қасиеттер, органикалық қышқылдар.

Комментарии закрыты.