Банк саласындағы қылмыспен байланысты (ақшаның ізін жасыру) істері бойынша сот-экономикалық сараптамасы.

МРНТИ 06.51.77, 10.87.79                                                                    №3 (2018г.)

Лысенко В.А., Габдульмулинов Д.С., Джартыбаев А.К.

 

Қылмыстық іс-әрекеттердің көпшілігінің мақсаты осы әрекетті жасаған жеке тұлға немесе топ үшін пайда түсіру болып табылады. Банк саласындағы қылмыстық істер тергеудің ішіндегі ең қиын істердің бірі. Аталған мақалада осы күнге дейін маңызды болып табылатын банк саласындағы қылмыспен байланысты істері бойынша сот-экономикалық сараптама тақырыбы ашылған. Банк арқылы ақшаның ізін жасыру қылмыстары шеңберінде сот-экономикалық сараптамамен шешілетін міндеттер қарастырылған. Экономикалық сараптаманы тағайындау кезіндегі кейбір аспектілер жарияланған. Банк саласындағы қылмыстарды тергеу механизмін жетілдіру және аталған істер санатының ашылу коэффициентін жоғарылату мақсатында біздің елімізде банк саласындағы ақшаның ізін жасыру бойынша қылмыстармен байланысты сот-экономикалық сараптаманы орындау нәтижелілігін күшейту бойынша кейбір нұсқаулар ұсынылған.
Түйінді сөздер: сот-экономикалық сараптама, экономикалық қылмыс, ақшаның ізін жасыру, арнайы экономикалық таным.

 

 

Комментарии закрыты.