Иммундық желілік моделді құрастыру үшін модификацияланған құмырсқа алгоритмдері және онтологиялық тәсіл негiзiнде деректердің оңтайлы жиынтығын құрастыру

МРНТИ 28.23.25, 52.01.77                                                                №3 (2018г.)

Самигулина Г.А., Масимканова Ж.А.

 

Зерттеу мұнай-газ саласында болжамдау тапсырмасын шешу үшiн және деректердi алдын-ала өңдеу үшiн биоинспирленген интеллектуалдық әдiстердi колданудың маңызды мәселесіне арналған. Зерттеудің мақсаты – жасанды иммундық жүйелер мен модификацияланған құмырсқа алгоритмдері негiзiнде оңтайлы иммундық желілік модельді құрастыру болып табылады. Ақпараттық дескрипторларды белгiлеу бiрнеше модификацияланған алгоритмдердi қолдануға мүмкiндiк беретін мультиалгоритмдiк әдіс негiзiнде жүзеге асырылады. Қолданылатын әдiстердi жүйелеу және бағдарламалық камтамасыз етудi құрастыруды жеңілдету мақсатында қарастырылған алгоритмдердің онтологиялық модельдерi ұсынылды. Құмырсқа илеуінің модификацияланған алгоритмдерi бiр-бiрiнен қосымша айнымалылардың, әртүрлi шектеулердің, топологияның және т.б. болуымен ерекшеленедi. Агенттер популяциясының көлемi және итерациялардың саны сияқты параметрлер маңызды болып табылады.
Түйінді сөздер: құмырсқа илеуінің модификацияланған алгоритмдері, иммундық желiлiк модельдеу, ақпараттық дескрипторларды белгiлеу.

 

 

Комментарии закрыты.