Наноцеллюлоза: сипаттамалары, модификациясы және биосыйымдылық

МРНТИ 61.39.81                                                                                        №4 (2019г.)

Рахимова Б.У., Кудайбергенов К.К., Акназаров С.Х., Мансуров З.А., Савицкая И.С.,  Головченко О.Ю., Смагулова    Г.Т.

 

Наноцеллюлоза өзінің тамаша био-физикалық қасиеттері мен биомедицинада қолдану мүмкіндіктерінің арқасында ғалымдардың назарына ілікті. Мақалада наноцеллюлозаның төрт түрі қолданылып, қасиеттеріне шолу жасалған: нанокристалды целлюлоза (НКО), нанофибрилді целлюлоза (НФЦ), нанокристаллоидты талшықты целлюлоза және бактериялық целлюлоза (БЦ). Соңғы ғылыми жетістіктерді талдау барысында наноцеллюлоза негізінде биомедициналық материалдарды дамыту жинақталады және талқыланады. Макроскопиялық биоматериалдар деңгейінде биомедицина саласындағы наноцеллюлозаның жеке зерттеулеріне ерекше назар аударылды (мысалы, қан тамырлары мен жұмсақ ұлпаларды алмастырғыштар; тері мен сүйек тіндерін қалпына келтіруге арналған материалдар және микробқа қарсы материалдар). Түрлі наноцеллюлоза мен целлюлозаның айрықша ерекшеліктері, биомедицинада наноцеллюлозаны қолдану мәселелері қарастырылды.
Түйінді сөздер: целлюлоза, целлюлоза нанокристалдары, нанофибрилді целлюлоза, бактериялық наноцеллюлоза, нанокристаллоидты талшықты целлюлоза, биомедициналық қолдану

 

Комментарии закрыты.