Коллаген гидролизатының өндірісіндегі қауіпсіздік қатерлерінің ықтималдығын бағалау

МРНТИ 68.01.81, 68.41.05                                                                                №2 (2019г.)

 

Кажымурат А.Т.,  Уажанова Р.У., Ахметсадыков Н.Н., Тютенов К., Абдел З.Ж.,   Сепеда А.С. , Тунгышбаева У.О.


Түйіндеме.
Мақалада коллаген гидролизі өндірісінде туындауы мүмкін қауіптер талқыланады. Жұмыстың мақсаты коллаген гидролизі өндірісіндегі қауіп-қатерді талдау.Мақсатты жүзеге асыру үшін коллаген өндірудегі биологиялық, химиялық және физикалық қауіпті қатерлерді ТР ТС 021 / 2011 нормативті құжаты арқылы анықталды. Химиялық қатер үшін жуғыш заттар, антибиотиктер (хлорамфеникол, тетрациклин тобы, байтитразин), гормондар , қорғасын, мышьяк,кадмий,сынап, биологиялық қатерге Ашытқылар мен зең S. Aureus Basillus cereus B. subtilis B. Polymyxa, физикалық қатерге Сыртқы материалдар (шыны, қағаз, құм пластик, және т.б.) жатқызылды. Әр сатыдағы қауіп қатерге ғылыми түсініктеме берілді. Коллаген гидролизатының өндірісіндегі қауіпсіздік қатерлерінің ықтималдығын бағалау арқылы және жоғарыда көрсетілген қауіпті факторлар мен қауіпті  заттарды ескере отырып коллаген гидролизатын алу өндірісінде алдын алу шараларын қарастыруға мүмкіндік беретіндігі қарастырылды.Жұмыстың нәтижесін ет өндірісі және коллаген өндірісінде қолдануға болады.
Түйінді сөздер: тәуекел, дәнекер тіндердің протеиндері, коллаген гидролизаты, қауіпті фактор

Комментарии закрыты.