Қой етін жіктеу және сапасын бағалау жүйелері

МРНТИ 65.01.37, 84.13.53                                                             №3 (2018г.)


Смагулов А.К., Чоманов У.Ч., Иманжупаров Ж.К
.

 

Қазіргі таңда әлемде қой етін жіктеу және сапасын бағалаудың түрлі жүйелері бар. Шет елдерде қой етін жіктеу жүйелерін талдау нәтижесі ет сапасын бағалау әдістерінде, анықтау және жіктеу принциптерінде айырмашылықтар бар екенін көрсетеді. Ғылыми-зерттеулер мен әлемдік тәжірибе бойынша қой еті өнімділігін бағалау кезінде жасына, дене салмағына, семіздік пен ет кірістілігіне мән берілсе, тұтас ет сапасын бағалауда оның салмағын, жұмсақ ет бөлігін, тұтас еттегі майлы жерлерін, етті және майлы жерлерінің түсін ескеру қажеттігін көрсетеді. Қой еті және сиыр етінің стандартталуы бойынша шетелдік қойшылар мен ет өндірушілердің тәжірибесі Қытайға және басқа да елдерге ет экспортын болашақта дамыту үшін өте маңызды болып табылады. Халықаралық стандарттарға сәйкес қой етін жіктеу жүйесін үйлестіру өндірістің өсімін ынталандыруға, мал өсірудің қарқынды даму әдістерін енгізуге және ет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Түйінді сөздер: Стандарттау және сертификаттау, қой етін жіктеу жүйелері, сапасын бағалау жүйелері

 

 

Комментарии закрыты.