News of Kazakhstan Science
Новости науки Казахстана
научно – технический журнал (ISSN 1560-5655)
_________________________
Ибраев А. Ж. , Кульевская Ю. Г. , Улезько Г. Г. , Галанц Э. А. , Мамытбаева Ш. Г. , Пильская С. А., Кубиева Т. Ш. , Карев К .А. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ МЕКТЕПТЕРДІ АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ БАЗА Түйіндеме Қазақстандағы ғылыми мектептерді анықтау үшін ҒТА ҰО қалыптастырылатын диссертациялар қорының сипаттамасы берілген. 1993 жылдан бастап мемлекеттік тіркеудің негізінде қалыптастырылып келе жатқан берілгендер базалары мен ғылыми құжаттар қорлары жетекші ғалымдар жайлы – орындалып жатқан ҒЗТКЖ ғылыми жетекшілері, олар дайындаған шәкірттері, зерттеу бағыттарының тақырыптары мен даму динамикасы, ізденушінің жасы, оның жұмыс орны жайлы объективті ақпараттарды қамтыған. Диссертациялар қорының салалық құрылымында, негізгі үлес қоғамдық (45 %), техникалық және қолданбалы (39 %) ғылымдарға тиеді. Жаратылыс тану мен дәл ғылымдарда 14 %, салааралық проблемалар – 2 % жұмыстар жатады. Ғылыми жетекшілердің саны, олар дайындаған докторлао, кандидаттар және философия докторлары (PhD) жайлы мәліметтер ғылыми мамандықтар бойынша 1993-2014 жылдар аралығына қатысты алынған. Ғылыми мектептерге қатысты қабылданған формальданған критерилерге сәйкес 10-нан ғылым кандидаты немесе 3-тен артық ғылым докторларын дайындаған ғылыми жетекшілер жайлы мәліметтер таңдалып алынып мамандықтар бойынша талданды.Ғылыми жетекшілердің және олардың жетекшілігімен қорғаған оқушыларының салалық құрылымында медициналық, экономикалық, педагогикалық және заң ғылымдары басым. Түйінді сөздер: ғылыми мектептер, ғылыми жетекшілер, ғылыми кадрлар, диссертациялар, ғылым салалары._________________________
Ibrayev A.Zh., Kulievskaya U.G.,Ulyesko G.G., Galantz E.A., Mamytbayeva Sh.,G. Pilskaya S.A.,Kubieva T.Sh.,Karev K.A. INFORMATIONAL DATABASE OF IDENTIFICATION OF SCIENTIFIC SCHOOLS ON THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN Abstract. It is presented the characteristics of fund of theses, formed in NCSTI, as the informational base in order to identify scientific schools in Kazakhstan. Funds of scientific documents, also databases, formed on the basis of state registration from 1993 year, contain the objective retrospective information about the leading scientists – scientific leaders preparing R&D, pupils tough by them, subjects and dynamics of development of researches directions, age of applicant, his place of work. The main part of fund of theses is public (45%) and technical and applied (39%). The proportion of work performed in the field of natural and exact sciences is 14%, inter industry problems – 2%. The obtained information on the amount of research advisors, doctors of philosophy prepared by them, in the context of scientific specialties for 1993-2014 years. According to the adopted formal criteria of scientific schools existence, it is selected and analyzed the data on the leaders, who prepared not less than 10 candidates of science and/or 3 doctors of science in the context of scientific specialties. In the sectoral structure of research advisors and protected students under their direction is maintained the primacy of medical, economic, educational, and legal science. Key words: scientific schools, research advisors, scientific personnel, dissertations, science industries.