Деформацияның механикалық сұлбасының Л63 жезінің кедергісіне, құрылымыны қалыптасуына және материалының тұтастығының бұзылуына әсері

Машеков С.А., Дийя Х., Уразбаева Р.Е., Тусупкалиева Э. А.     Түйіндеме. Мақалада илемдеу процесінің әр түрлі тәсілдерін қолданған кезде деформация ошағында тарту, бұралу, бұрап тарту сияқты деформация түрлері пайда болатындығы айтылған. Зерттеу STD 812 пластометрінде жүргізілді. Пластометрде жүргізілген тәжірибелер, түсірілген жүктеменің түрі деформация кедергісінің қисық сызығына елеулі әсерін тигізетіндігін көрсетті. Дайындамаға бұрау, тартумен бұрау сияқты…

Майлау жүйесінде майдың көлемін басқаруды жетілдіру арқылы форсирленген автомобильді дизельді қозғалтқыштарды пайдалану эффективтілігін арттыру

Биниязов А.М., Денисов А.С., Захаров В.П., Сарсенбаева Л.Х., Бралиев   А.Б. Түйіндеме. Дизельдердің техникалық күтім және жөндеу жүйесінің негізгі міндеті автомобильдердің пайдалану эффективтілігін арттыру, атап айтқанда ең қымбат агрегат болып табылатын (25% дейін), қозғалтқыштардың ағымдағы және күрделі жөндеуге кеткен шығындарды төмендету есебінен болып табылады. Қозғалтқыш жұмысының сенімділігі, жанасу бөлшектерінің арасындағы үйкелісті барынша азайту және ең көп…

Уақытша қатарлардың бағанды динамикасы

скачать   Сеитова А.А., Калыбекова Ж.А.  Түйіндеме. Бұл мақалада қоғам талаптарына сәйкес архитектуралық пішіннің өзгермелілігіне байланысты құрылыс саласындағы прогрессивті үрдістер талданады. Архитектуралық кеңістікті тіршілік ету ортасының жағдайына динамикалық бейімдеуді қолдану арқылы өзгермейтін архитектуралық объектілерді құрудағы тарихи және заманауи тәжірибенің мысалдары қарастырылады. Құрылыс саласындағы динамикалық қалыптастырудың ерекшеліктері және технологиялық инновацияларды қолдану арқылы жасанды ортаны ұйымдастыру әдістері…

Сүт қышқыл өнімдерінен биотехнология әдісімен йогурт дайындау

Кенжеева Ж.К., Велямов М.Т., Дюскалиева  Г.У. Түйіндеме.  Қазақстанда қолданыстағы сүт өнімдерін өндірудің номенклатурасы мен кейбір технологиялары, соның ішінде йогурт туралы қысқаша шолу келтірілген. Сүт өнімдері ең жоғары қоректік тағамдар. Әсіресе сүт және сүт қышқыл өнімдері барлық жас санаттарындағы балалар үшін: ерте, мектепке дейінгі және мектепке арналған диетаның бастамасы болуы керек. Сүт және сүт өнімдерінде ақуыздардың…

Қазақстан Республикасындагы нан өнеркәсібіндегі ҚТКБН жүйесі бойынша мамандарды ішкі даярлаудың тиімділігін бағалау

скачать   Уажанова Р.У., Маннино С.,Тунгышбаева У.О.   Түйіндеме. Тамақ қауіпсіздігін НАССР жүйесі негізінде бақылау жүйесі Қазақстан Республикасында салыстырмалы түрде жақында пайда болды. Еліміздің  Кедендік одаққа кіруіне байланысты қоғамдық тамақтандырудың барлық салаларындағы кәсіпорындар, олардың меншік түрі мен мөлшерлерін белгілеуіне қарамастан, аталған жүйені міндетті  түрде әзірлеп, енгізіп және ережелерін ұстанулары тиіс. Әдетте, НАССР жүйесін кәсіби құру…

Қазақстандағы сібір жарасының топырақ ошақтарын індеттанулық қадағалау жүйесін бағалау

скачать   Латыпова З.А.   Түйіндеме. Мақалада жүйенің күшті және әлсіз жақтарын анықтау мақсатында жүргізілген Қазақстандағы сібір жарасын індеттанулық қадағалауды бағалау мәселесі қарастырылған. Осы бағдарламалардың сипаттамалары АҚШ-тың індетті бақылау және алдын алу жөніндегі орталықтардың нұсқауларына сәйкес бағаланды. Жүйе пайдалы және икемді, дегенмен оңай деуге келмейді. Деректердің сапасы әлсіз, қолайлы, сезімтал (84 %), жүйенің уақытылы жақсы…

Шымкенттік дендропаркке жүргізілген түгендеудің нәтижелері мен тарихи деректері

скачать   Мамбетов Б.Т., Майсупова Б,Д., Келгенбаев Н.С., Досманбетов Д.А. Түйіндеме. Мақалада бұршағының тұқымында кездесетін ауру қоздырушы микрофлоралары анықталған. Осы дақыл ауруларын қоздырушы саңырауқұлақтардың 20 түрі анықталып, оның ішінде ең кең таралғандарына және зияндыларына фузариоз, аскохитоз және пероноспороз ауруларының жататындығы көрсетілген. Бұршағының тұқымдарында кездесетін ауру қоздырғыштарынан қорғаудың ең тиімді әдісі – осы дақылдың тұқымдарын әртүрлі…

Соя тұқымын зарарсыздандыру – міндетті шара

скачать   Мауи А.А., .Ануарова Л,Е.,  Айтжанова М.О    Түйіндеме. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығысында сояның 15-тен аса ауру түрлері тіркелген. Осы аурулар өнімді азайтып, сапасын төмендетіп, соя өндірісіне едәуір зиянын тигізеді. Сояның Эврика, Қазақстандық 200, Букурия, Қазақстандық 2309, Гибрид 687 және Мереке деп аталатын коммерциялық сорттарының тұқымына жасалған фитопатологиялық сараптамада олардың әртүрлі фитопатогендік, зеңдік…

Балапандарға пробиотик пен сорбентте

скачать   Псхациева З.В., Каиров В.Р., Булацева С.В.     Түйіндеме. Ауылшаруашылық құсты тамақтандыруда пробиотиктерді және сорбенттерді пайдалану мүмкіндігі қарастырылған. «Росс-308» бройлер балапанына пробиотикалық «Sporothermine» және сорбент «Kovelos-сіңіргіш» пайдалану бойынша зерттеу нәтижелерін ұсынады. Пробиотиктер мен сорбенттерді азыққа енгізудің бойлер балапандарына шаруашылықта пайдалы жағынан әсер ететіні белгілі болды. Бірақ, сорбенттер мен пробиотиктерді бірге енгізу барысында жақсы жетістіктерге…

Жұқпалы цирковирустық індет кезіндегі патоморфологиялық өзгерістер

скачать   Султанулы Ж., Мауланов А. З., Ромашев К. М., Хизат С., Омарбекова Г.К., Ергумарова Мирамкуль О., Турабеков М. Р., Медетова Ш.А., Мамбеталиев М. Түйіндіме. Зерттедіқ жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасы, Алматы облысы  аймағындағы шошқа шаруашылығын зерттеу барысында анықталған  жұқпалы  цирковирус індетімен ауырған шошқадан алынған  материалдың  патоморфологиялық өзгерістеріне зерттеу  жүргізу. Жұқпалы цирковирус өсіп келе жатқан …