Қазақстанның мұнай-битумды жынысының сипаттамалары және құрамының ерекшеліктері

МРНТИ 52.47.23                                                                                       №2 (2021 г.)

Ермекова А.С., Тилеуберди Е., Онгарбаев Е.К., Масалимова Б.К.   

Мақалада Қазақстанның мұнай-битумды жыныстарының сипаттамалары мен құрамының ерекшеліктері, таралуы мен орналасуы қарастырылды. Мұнай-битумды жыныстар тау жыныстарында орналасқан минералды бөліктен және минералды материалдың бөліктерін сыртынан жабатын табиғи битумнан тұрады. Мұнай-битумды жыныстарда1-2-ден
80-90%-ға дейінгі қабаттар мен горизонттардың созылу аймағында біркелкі емес битум концентрациясының кең ауқымы байқалады. Битумды жыныстардан тұратын кен орындарының ерекшелігі сол, олар көлік жолдары мен энергия, сумен жабдықтау көздерінен алыс орналасқан. Табиғи битумдарды жыныстың минералды бөлігінен бөлудің бірнеше жолы бар. Мұнай-битумды жыныстар салыстырмалы түрде арзан материал ретінде мұнай өңдеу, мұнай-химия және химия өнеркәсібінде, азаматтық және жол құрылысында және экономиканың басқа салаларында шикізат ретінде қызмет ете алады.
Түйінді сөздер: мұнай-битумды жыныстар, табиғи битумдар, кен орны, бөліп алу, ИҚ-спектрлер

Комментарии закрыты.