Әлсіз цементтелген және аргелитті түзілімдерде ұңғы бұрғылау үшін қолданылатын ресейде өндірілген «Реолон-sp-36» полимері қосылған бұрғылау ерітінділері

Жанабаев Т.А., Игембаев И.Б., Тулепбергенов А.Т.

 

Түйіндеме. Мақала ұңғы бұрғылау сапасын ұңғының орнықтылығы мен  тұтастығын жуу сұйықтарын химиялық реагенттер  және жаңа полимермен өңдеуді  жетілдіру арқылы арттыруға арналған. Қазақстанның мұнай мен газ кенорындарындағы  ұңғы қабырғаларының тұтастығының бұзылуына  әкелетін себептер және орнықсыз тау жыныстарында  бұрғылауға арналған жуу сұйықтарына  қойылатын талаптардың  теориялық негіздемелері зерттеледі. Зерттеулердің нәтижелері бойынша  ұңғы қабырғаларының орнықтылығын арттырудың  бірден-бір жолы бұрғылау ерітінділерінің құрамы мен технологиялық қасиеттерін  реттеу екендігі анықталды. Орнықсыз саз жыныстарында  ұңғы бұрғылау тәжiрибесін талдау қуыс-қолтық түзілуінің  қарқындылығын әр түрлі механизмді және әрекетті  ингибирлегіш қоспаларды  қолдану арқылы азайтуға болады, бұл  Реолон SP36 негізіндегі  аз сазды полимерлі ингибирленген бұрғылау ерітіндісін қолдану арқылы жақсартуға болатындығы зертханалық зерттеулер арқылы дәлелденді. Бұл мақалада  Қазақстан Pеспубликасы  шет елдердің  геологиялық және техникалық бұрғылау  жағдайлары күрделі  мұнай газ және геотехникалық ұңғыларды  бұрғылау кезінде  жаңа құрамды жуу сұйығын  қолдану ұсыныстары көрсетілген.
Түйінді сөздер: Полимер, бұрғылау ерітінділері, қабырға орнықтылығы, орнықсыз жыныстар, бұрғылау, химиялық реагенттер.

 

МРНТИ 52.47.15, №2(2018г.)

Комментарии закрыты.