Никель өндіретін металлургиялық кәсіпорындардағы технологиялық жүйелердің сапасын бақылау

скачать

 

Кажикенова С. Ш., Бекмагамбетова Э.К.

 

Түйіндеме. Жұмыста химия-металлургиялық процестер мен сұлбалар технологиясын талдауға  әмбебап  ақпарат бірліктері – биттермен өрнектелген, объективті және маңызды  ақпараттық критерийлер  алғаш рет қолданылатын болады. Кез келген металлургиялық және химиялық өндірістерге, бірінші кезекте, Қазақстандағы түсті металдар, болат пен ферроқорытпалар,  сондай-ақ  сирек металдар  өндірістеріне  таралады. Жұмыс технологиялық сұлбаларды энтропия-ақпараттық талдауға   арналған, оның нәтижесінде технологиялық процестердің белгісіздігіне және аяқталғандығына кешенді баға берудің ақпараттық  критерийлері әзірленген және  Қазақстандағы  қара,  түсті  және сирек  металдардың  бар немесе жетілдірілетін өндірістерін талдау үшін қолданылған. Мұнымен шикізатты қайта өңдеудің  технологиялық аса жетілдірілген әдістері мен сұлбаларын таңдау анықталады. Осындай ыңғай негізінде алынған нәтижелердің ғылым үшін практикалық маңыздылығы балама жобаларды таңдау сатысында бәсекелесуші сұлбаларды, сондай-ақ қолданылып жүрген технологияларды жетілдіру тәсілдерін сараптамалық бағалау үшін бірыңғай ақпараттық критерийлерді пайдалану мүмкіндігінен тұрады, бұл әсіресе нарықтық қатынастар жағдайларында маңызды болады.
Түйінді сөздер: энтропия, ақпараттық сыйымдылық, алгоритм, айқындау, сапа мониторингі, металлургиялық кәсіпорындар, никель өндіру

 

МРНТИ 53.01.77 , №2(2018г.)

Комментарии закрыты.