Құрамында мысы жоғары шлактарды көмірмен тотықсыздандырудың термодинамикалық заңдылықтары

МРНТИ 53.01.91, 52.01.91                                                                №1 (2019г.)

 

Досмухамедов Н.К., Жолдасбай Е.Е., Нурлан Г.Б.

 

Мысты концентраттарды бай штейнге және/немесе қаралы мысқа балқыту жағдайында құрамында мыспен бірге қоспа металдар, яғни Pb, Zn, As, Sb және басқалары бар көлемі үлкен бай шлактарды қайта өңдеуді ұйымдастырудың шешімін табу негізгі мәселе болып табылады. Мысқа бай шлактарды тотықсыздандырып жұтаңдату мыстың және қоспа металдардың бөліну тәртібін, балқыту өнімдері арасында металдардың бөлініп таралу тепе-теңдігін қамтамасыз ететін оптималды технологиялық параметрлер мен режимдерді таңдау жағынан зерттеу принципиалды мәнге ие. Бұл жұмыста шлактарды жұтаңдату бойынша белгілі әдістердің салыстырмалы талдауы негізінде тәжірибеде кең қолданысқа ие болған, мысқа бай шлактарды жұтаңдату әдісі таңдалынып дәлелденді және олардың тотықсыздандырып жұтаңдану мүмкіндігіне термодинамикалық бағала берілді. 1273…1573 К температуралары арасында бағалы металдардың, темірдің және мышьяктың тотықтарын көмірмен және көмірдің монототығымен тотықсыздандыру реакцияларының термодинамикалық талдауы өткізілді. Гиббстің еркіндік энергиясының мәні және температураға байланысты жоғарыда айтылған реакциялардың әрекеттесу жылдамдығының константасы есептелінді. Мысқа бай шлактарды көмірмен жұтаңдатқанда металдардың балқыту өнімдері арасында селективті: Cu – металды қорытпаға, Pb, Zn ұшқындарға және As – ұшқындарға және жартылай қорытпаға бөлінуін көрсетті.
Түйінді сөздер: құрамында мысы жоғары шлактар, Гиббс энергиясы, жұтаңдату, тотықсыздандыру, көмір, мыс, қоспалар, балқыма, ұшқындар.

 

Комментарии закрыты.