Бұрандалы пішінбілікте жаймалағанда қолданылатын технологиялық параметрдің L63 жезінің илемділік қорына әсерін зерттеу

МРНТИ 53.37.13                                                                                №1 (2019г.)

 

Машеков С.А., Тусупкалиева Э.А., Уразбаева Р.Е., Машекова А.С.

 

Бұл мақалада Л63 жезінен жасалған қаңылтырлы жаймада ұсақтүйіршікті құрылымды алудың жаңа технологиясы ұсынылған. Жұмыста бұрандалы пішінбілікте дайындаманы жаймалағанда, оның металында пайда болатын кернеулі-деформациялы күй зерттелген. Шеткі элемент әдісін және ANSYS-LS/DYNA бағдарламасын қолданып, әртүрлі өтім санымен бұрандалы пішінбілікте жаймалауды компьютермен модельдеу барысында кернеулі-деформациялы күй мен температураның таралуының негізгі заңдылықтары анықталған. Дайындаманы бұрандалы пішінбілікте деформациялаудың жиналған деформацияны біркелкі тарату жолымен сапасы жоғары, материалының тұтастығы бұзылмаған жолақ жасауға мүмкіндік беретін ұтымды режимдері жасалды.
Түйінді сөздер. Л63 жез, жаймалау, кернеулі-деформациялы күй, сандық модельдеу, кернеу мен деформация қарқындылығы, кернеу күйі қатаңдығының коэффициенті.

Комментарии закрыты.