ДЗЗ қашықтықтан зондтау деректерін қазіргі өңдеу және талдау әдістері (Павлодар облысының Аққулы ауданы мысалында)

МРНТИ 39.03.15                                                                     №1 (2020г.)

Скачать статью

Берденов Ж.Г., Мендыбаев Е.Х., Джаналеева Г.М., Бекетова  А.Т.

Бұл жұмыста әр түрлі дешифрлеу әдістемелерін зерттеуге негізделген орта қашықтықтағы космостық суреттерді талдау мен өңдеудің негізгі әдістері сипатталған. Жұмыста Landsat-7.8 құрылғысының 2016-2017 жылдардағы космостық түсірілімдеріне талдау жасалынған, кейін ArcGIS 10.1 бағдарламалық жасақтамасында өңделініп, Павлодар облысының Аққулы ауданының экологиялық компоненттерінің заманауи карталары алынған. Зерттеу нәтижелері бойынша, әр түрлі спектрлік диапазондардағы кеңеюі орташа космостық түсірілімдерге сүйене отырып, қазіргі заманғы биогеоценоздардың түрлілік таралуын, топырақ түрінің жанама және тікелей белгілері бойынша анықтауға болады деген қорытынды жасалды.
Түйінді сөздер: космостық түсірілімдер, қашықтық зондтаудың мәліметтері, дешифрлеу, бағдарламалық қамтамасыз ету.

Комментарии закрыты.