Энтеросорбциялық тағамдық талшықтарды бидай нанына қосу рецептурасын және технологиясын құру

МРНТИ 65.33.03.43.01.05                                                                       №4 (2019г.)

С.Х. Акназаров,  Ұ.М. Әмзеева,  К.С. Бексейтова К.С., Нуралы, А.Ж. Мутушев, С.Т. Жиенбаева, М.П. Байысбаева,
З.Н. Молдақұлова

Соңғы жылдары Қазақстанда халық денсаулығының жай-күйі нашарлауда. Бұл қоршаған ортаның, тамақ өнімдерінің уытты заттармен, пестицидтермен, радионуклидтермен және иммунитеттің жалпы төмендеуімен байланысты. Азық-түлік өнімдерін өндірушілер олардың қатарына тағамдық талшықтар да жататын, денсаулықты жақсартуға ықпал ететін әртүрлі тағамдық ингредиенттерді пайдалана отырып, өнім дайындауға көбірек көңіл бөле бастады. Тағам талшықтары бар өнімдерді күн сайын қолдану тоқ ішек ауруларының пайда болу қаупін және қандағы холестерин деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Сондықтан белгілі бір қасиеттері бар энтеросорбирлеуші тамақ талшықтарын қоса отырып, бидай нанының технологиясы мен рецептурасын құру өзекті болып отыр.
Түйінді сөздер: энтеросорбциялы тағамдық талшықтар, карбонизацияланған күріш қауызы, тағамдық құндылық, кремний диоксиді, бидай наны, нан өндіру

 

Комментарии закрыты.