Бактерицидтік емдеу ерекшелігі бар карбондалған көміртекті кеуекті сорбент

МҒТАР 31.27.51, 61.45.36                                                                      №3 (2019г.)

Ұ.М.Әмзеева, С.Х.Акназаров, О.Ю.Головченко , К.С.Бексейтова, А.М.Нуралы

Соңғы онжылдықта іріңді жараларды емдеуде үлкен перспективалар әртүрлі медициналық сорбенттерді пайдаланумен
байланыстырылады, оларды жергілікті қолданудың бүкіл бағыты – сорбциялық-аппликациялық терапияның дамуына алып келді. Бұл ретте жарақатқа белсенді әсер ететін сорбенттер немесе микрофлораның таңдаулы сорбциясы есебінен не жарадан бөлінетін сорбенттер назарға алынады. Мұндай ерекше сорбенттердің қатарына полимерлік және бейорганикалық материалдар, оның ішінде түрлі құрылым мен формадағы көміртегі материалдары жатады. Бүгінгі күні наноқұрылымды көміртекті материал жаралы адсорбциялаушы таңғыштардың негізгі компоненті ретінде пайдаланылады. Жұмыста көміртекті таңу материалдарының сорбциялық қабілеті мен адгезивті қасиеттері
көрсетілген.
Түйінді сөздер: таңу материалдары, карбонизацияланған күріш қауызы, жабысу қабілеті, сорбциялық қабілеті, көміртекті таңу материалдары

Комментарии закрыты.